Жаңалықтар тізбегі
0

Күннің суытып, үсіктің жүруі ауылшаруашылығы дақылдары өнімділігіне кері әсер етпейді ме

Қар, үсік, АШМ, ауылшаруашылығы өнімдері, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.05.2024 19:53 Сурет: Zakon.kz/Мадина Мамырханова
Ауылшаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков 28 мамырда Мәжіліс дәлізінде жуырда ғана кей өңірде жүріп өткен үсік ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігіне кері әсері болатын-болмайтынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ербол Тасжүреков Ресей Федерациясында күн күрт суытып, ауқымды үсік жүргенін атап өтті.

"Онда суық, негізінен, жеміс-жидек өсіретін аймақтарды аралап өтті. Ал бізде температураның ауытқуы байқалады, бірақ онысы қысқа мерзімді, топыраққа мұз қатпады. Біз тек мамыр айының ортасынан бастап егістік жұмыстарына кірісеміз, яғни іс жүзінде ағаштар гүлдеп үлгерген жоқ, сәйкесінше, бұл қысқа мерзімді суық солтүстік аймақтардағы егістік жағдайына еш әсер етпейді", – деді ол.

Дегенмен ол еліміздің оңтүстігінде жеміс-жидек дақылдарының өндіріс көлемі ішінара төмендейді деп қорқақтайды. Бірақ ол бұл көрсеткішті "шамалы" деп бағалады.

"Фермерлер үйреніп алған, жаппай гүлдену кезеңінде қолайсыз ауа райы туындаса олар бақта арнайы микроклимат құру технологиясын қолданады. Бірінші рет емес, бұл жағдайдың орын алуы. Негізінде, шамалы көлем, фермерлер негізгі, маңызды бөлігін сақтай алды. Біз төмен өнімділікті болжай алмаймыз",-деп сөзін түйіндеді вице-министр.

25 мамырда Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Турбат ауылында қар жауды. Сол күні Ақмола облысындағы Ақкөл ауылына да қар түсті.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: