Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда қандай дәрілік заттар міндетті таңбалауға жатады

Дәрілік заттар, Қазақстан, міндетті таңбалау , сурет - Zakon.kz жаңалық 08.06.2024 13:56 Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Қазақстанда дәрілік заттарды міндетті таңбалау 2024 жылғы 1 шілдеден бастап өндірілген препараттарға ғана енгізілетін болады. Бұл туралы Үкіметте вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен кеңесте белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Тиісті өзгерістер 2020 жылғы 10 қыркүйектегі Үкімет қаулысына енгізілуде. Бұл дәріханалар мен дистрибьюторларға таңбалау кодтарын есепке алу және қадағалау үшін ақпараттық жүйелердің интеграциясын нақтылауға мүмкіндік береді", - деді Серік Жұманғарин аталған кеңесте.

Денсаулық сақтау вице-министрі Ербол Оспановтың айтуынша, 1 маусымдағы жағдай бойынша 383 көтерме қойманың 287-сі қажетті жабдықтармен жабдықталған.

"15 өңірде тексеріс жүргізілді. Жақын арада қалған 5 өңірге шығу қарастырылып отыр", деп нақтылады ол өз сөзін.

Жалпы елімізде цифрлық таңбалауды енгізудің оң серпіні байқалады: Қазақстанға аяқ киімнің ресми (анықталған) импорты 2019 жылы 39,5 млн жұптан 2023 жылға қарай 54,5 млн жұпқа дейін өсті. Бизнеске аяқ киімнің қалдықтарын белгілеу үшін үш жылға жуық өтпелі кезең берілді (2021 жылдың 1 қарашасынан 2024 жылдың 1 маусымына дейін).

Сонымен қатар кеден қоймаларының аяқ киімді таңбалауға дайын еместігін ескере, кеңес қорытындысы бойынша, Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне импорттаушылардың өз қоймаларында аяқ киімді таңбалауға рұқсат беру мәселесін пысықтау тапсырылды.

Сондай-ақ кеңесте зергерлік бұйымдарды таңбалау бойынша реттеушілік әсерге талдау жүргізу бойынша бейінді министрліктердің баяндамалары тыңдалды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: