БҚДА Кcell-ді нарыққа шығаруды жоспарлап отыр

Кcell, БҚДА, нарық, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.10.2024 18:16 Сурет: unsplash
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Марат Омаров 2024 жылы 18 қазанда 2028-2029 жылдарға арналған жекешелендіру жоспарына нелер қосылатынын нақтылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол ең үздік әлемдік тәжірибелер телекоммуникациялық компаниялар дамуға бет алғанда телеком-бизнесте қандай да бір үлесін сақтап қалатынын көрсетіп отырғанын атап өтті.

"Бүгіндері тек "Қазақтелекомның" 800 млрд теңге таза табысы бар, оның 600 млрд-қа жуығы екі ұялы байланыс операторына тиесілі. Мен Tele2 және Kcell жеке-дара қанша табыс әкеліп жатқанын білмеймін, бірақ егер біз Kcell-ді нарыққа шығарсақ, онда "Қазақтелеком" қаржылай тұрақсыз болуы мүмкін. Қазір біз осы мәселені талдап жатырмыз, бірақ біз, ең болмағанда, 2028-29 жылдарға арналған жекешелендіру жоспарына Кcell-ді қоссақ дейміз. Бұл мәселе жіті талқыланып, бәрі ашық жүргізілетін болады", - деді Марат Омаров.

Ол, әзірге жағдай осындай екенін, бірақ тұрақты шешімдерді даярлау, тарифтер, инвестициялар және т.б. бойынша барлық мәселе әлі пысықтауды қажет ететінін атап өтті. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: