Ұлттық экономика министрі жаңадан тағайындалды

Серік Жұманғарин, кадрлық тағайындау, вице-премьер, Ұлттық экономика министрі, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.12.2024 12:36 Сурет: primeminister.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 21 желтоқсанда Серік Жұманғаринді Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі етіп тағайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Серік Мақашұлы Жұманғарин Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі болып тағайындалды", делінген Ақорда жариялаған Жарлық мәтінінде.

Cондай-ақ 21 желтоқсанда ҚР Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің отырысында Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі лауазымына Серік Мақашұлы Жұманғариннің кандидатурасы келісілгені белгілі болды. 

Серік Жұманғарин 2024 жылғы 6 ақпанда Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалған еді. Енді ол осы лауазыммен бірге Ұлттық экономика министрі қызметін қоса алып жүретін болды.

Ол 1969 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Мәскеу Ленин орденді және Октябрь Революциясы орденді энергетикалық интитутын, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, Халықаралық бизнес академиясын тәмамдаған.  Өзінің түрлі лауазымдық міндеттері аясында  сауда саясаты, агроөнеркәсіп кешені, жер қатынастары, ЕАЭО және ДСҰ аясындағы ынтымақтастық сынды мәселелерді үйлестіре қызмет атқарған.

Бұған дейін Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаровтың қызметінен босатылғаны хабарланған болатын.


Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: