Қазақстан жанар-жағармай мен дизель отынына қолданылатын мемлекеттік реттеудің күшін жоймақ ниетте
Энергетика министрлігі бүгінгі таңда Қазақстанда бензин мен дизель отынының бағасы әлемдегі ең төмені деп санайды. Соның ішінде бұл көрші елдермен арада айтарлықтай баға алшақтығын туғызуда.
"Мысалы, Қазақстанда АИ-92 жанар-жағармайының бір литрі 205 теңге болса, Ресей Федерациясында – 288 теңге, Қырғызстанда – 385 теңге, Өзбекстанда – 489 теңге. Қазақстанда дизель отынының бір литрі 295 теңге болса, Ресей Федерациясында – 355 теңге, Қырғызстанда – 427 теңге, Өзбекстанда 528 теңге тұрады", - дейді министрліктегілер.
Осы жағынан алғанда, АИ-92 бензині бағасындағы айырмашылық 40%-дан 138%-ға дейін, дизель отыны 20%-дан 79%-ға дейін жетеді. Бұл, өз кезегінде тапшылықты, саланы жаңғыртудың мүмкін еместігін, отынды әртүрлі заңсыз схемалар арқылы шетелге тасуды тудырады.
Осыған байланысты Энергетика министрлігі бағаны қалыптастырудың тұрақты моделінің саясатына көшеді. Ол сұраныс пен ұсыныс арасындағы нарықтық теңгерімді құруға, отын тапшылығын жоюға, мұнай өңдеу саласын жаңғыртуды ынталандыруға, жаңа жұмыс орындарын құруға және ұзақ мерзімді инвестицияларды тартуға бағытталған.
Бұл саясаттың негізгі принциптері кез-келген өзгерістердің баяулығы мен болжамдылығы болып табылады деп түсіндіріледі. Азаматтардың мүдделерін қорғау үшін әлеуметтік қолдау шараларын көрсету жалғасады, ал ауыл шаруашылығы өндірушілері ашық схемалар мен қолайлы бағалар бойынша дизель отынына кепілді қолжетімділікке ие бола алады.
Сонымен қатар, Энергетика министрлігі мүдделі органдармен бірлесіп нарықтағы бақылауды күшейтуге, заңнаманың орындалуын және отынның ішкі нарыққа үздіксіз жеткізілуін қамтамасыз етуге уәде береді.
Құжат 22 қаңтарға дейін жария талқы үшін "Ашық НҚА" сайтында орналастырылған.