Қазақстан ЕАЭО шеңберінде банк кепілдіктерін өзара тану туралы келісімді ратификациялады

Ақорда, Қазақстан, ЕАЭО, банк кепілдіктерін өзара тану, келісім, ратификациялау, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.01.2025 19:04 Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 24 қаңтарда "Мемлекеттік (муниципалдық) сатып алуды жүзеге асыру кезінде банк кепілдіктерін өзара тану туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұған дейін бұл келісімді Сенат депутаттары мақұлдаған болатын.

Заңның негізгі мақсаттары ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер арасында қол қойылған Келісімнің орындалуын қамтамасыз ету, ол бір елдің резидент-банктері Одаққа мүше басқа елдің мемлекеттік сатып алуларына қатысу үшін беретін банктік кепілдіктерді пайдалануды қамтамасыз ететін құқықтық нормаларды белгілеу болып табылады. Заң сондай-ақ осындай кепілдіктер бере алатын банктерге қойылатын талаптарды, сондай-ақ банктік кепілдіктер тізілімін жүргізу тетіктерін айқындайды.

Келісім Одаққа мүше мемлекеттер арасындағы банктік кепілдіктерді өзара тану мақсатында әзірленіп, оған 2023 жылғы 29 тамызда Мәскеуде қол қойылған.

Бұған дейін Мемлекет басшысына Ұлттық банктің былтыр жүзеге асырған ақша-кредит саясатының қорытындысы туралы есебі мен 2025 жылға арналған монетарлық реттеу жоспары баяндалғаны хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: