"Даму" қоры басқармасының төрайымы қызметінен кетті

Гауһар Бурибаева, "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ, басқармасы төрайымы, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.02.2025 18:58 Сурет: "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ басқармасы
"Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ басқармасының төрайымы Гауһар Бурибаева қызметінен кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
"2025 жылғы 21 ақпанда "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ-ның жалғыз акционері "Байтерек" ұлттық басқарушы холдингі басқарма төрайымы Гауһар Асылбекқызы Бурибаеваның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты", делінген қор баспасөз қызметінің хабарламасында.

Гауһар Бурибаева "Даму" қорын 2019 жылдың сәуір айынан бастап басқарып келді.

Оның қор басшысы кезіндегі жұмысы кезеңінде қолдау алған жобалар санын 5 есеге – 6 мыңнан 30 мыңға дейін артып, ШОБ қолдаудағы несие портфелі көлемі жылына 500 млрд теңгеден 1,7 трлн теңгеге дейін арттыру бойынша жұмыс жүргізілді. Осы жылдар ішінде қордың барлық құралдары толықтай цифрланды. Қор ҚР аумағында алғашқы болып "жасыл" облигациялар шығарып, ESG ізашары болды. 2024 жылдан бастап "Даму" қорын кепілдік қорына трансформациялау процесі басталды, ол 2028 жылға қарай кепілдік портфелін 1 трлн теңгеге дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Гауһар Бурибаева "Даму" қорына келгенге дейін "Самұрық-Қазына Инвест", "Альянс Банк", сондай-ақ "Қазақстанның Даму Банкі", "Қазақстан темір Жолы" және Қазақстан Республикасы Президентінің іс басқармасында басшылық лауазымдарда жұмыс істеді.  

Бұған дейін Азамат Әмрин ұлттық экономика бірінші вице-министрі болып тағайындалғаны хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: