Олжас Бектенов Экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысын өткізді

Макроэкономикалық саясаттың тепе-теңдігін жақсарту үшін ақша-несие саясаты мен фискалды саясат арасындағы теңгерімді қамтамасыз ету тәсілдері талқыланды, делінген 2025 жылғы 6 наурыздағы Үкімет баспасөз қызметінің хабарламасында.
Нарықтық механизмдерге сүйене отырып, мемлекеттік қаржы тұрақтылығын және экономиканың өсу сапасын арттыруға баса назар аударылуда. Бюджеттік ережелер мен нысаналы бағдарлар жүйесінің сақталуын институционалды түрде нығайту, экономиканы қаржыландырудағы жеке сектордың рөлін арттыру, қаржы секторындағы жүйелік тәуекелдерді төмендету бойынша ұсыныстар тыңдалды.
Жиынға Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов, Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин, Президенттің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі Қанат Шарлапаев, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова, Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Әсет Ерғалиев, сондай-ақ жауапты министрліктер басшылығы қатысты.
Бұған дейін Үкіметтің "Бәйтерек" холдингінің капиталын бір триллион теңгеге ұлғайтқалы жатқанын жазғанбыз.