Елімізде 2025 жылы 10 мың бизнес-бастамаға қолдау көрсетіледі

Ұлттық экономика министрлігі, жаңа бизнес бастама, Даму қоры, 2025 жыл, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.05.2025 15:05 Сурет: gov.kz
ҚР Ұлттық экономика министрлігі бизнестің жеңілдікпен қаржы алуын кеңейту үшін «Даму» қоры арқылы екі жаңа қолдау құралын іске қосты. Олар кез-келген ауқымдағы компанияға, мейлі ол кіші болсын, мейлі ірі болсын, кепіл жеткіліксіз болған күнде де қаржы алуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды

Құзырлы ведомство мәліметінше, бірінші қолдау құралы құны 7 млрд теңгеден басталатын ауқымды жобаға есептелген. Өнеркәсіп, энергетика, инфрақұрылым мен экспортты қоса алғанда, экономиканың негізгі салаларын қамтиды. Мемлекет қарызға кепілдік бергендіктен, бұл банк үшін тәуекелді азайтады. Осылайша бизнестің несие алуы жеңілдейді.

"Екінші қолдау шағын және орта кәсіпорынға жасалады. Құны 7 млрд теңгеге дейінгі жобаларға тиесілі. Кәсіпкерлер қажетті қаржыны кепілсіз алады. Бүгінгі таңда бес банкпен келісімге қол қойылса, тағы екеуі жұмыс үстінде. Әріптестер тізімін кеңейту жұмысы жүріп жатыр", деп хабарлайды ҚР ҰЭМ баспасөз қызметі.

Бағдарламаның алғашқы нәтижесі де белгілі. Жалпы сомасы 3,3 млрд теңгеге 34 жоба қолдау тапқан. Кепілдік беру рәсімі жеңілдетіліп, екі жұмыс күні ішінде орындалады. Мұны алушы – өндіріс, көлік, білім беру секілді түрлі сала өкілі.

2025 жылдың соңына дейін 10 мың жоба қолдау таппақ. 2028 жылға қарай кепілдік портфелінің көлемі 1,4 трлн теңгеге жеткізіледі. Осылайша, жыл сайын бизнестің 50 мыңнан астам бастамасына қолдау көрсетіледі.

Кәсіпкерге несие сомасының 85%-на дейін қордың кепілдігі берілгендіктен, қарызды оңай ала алады.

Жаңа тетіктердің арқасында қаржылық инфрақұрылым тұрақты түрде дамып, банктердің тәуекелі азаяды, отандық бизнестің өсу мүмкіндігіне үлес қосылады.

Бұл бастамалар экономикалық өсуді жеделдету шаралары шеңберінде іске асырылуда. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін 2025 жылы «Бәйтерек» холдингінің капиталын 1 трлн теңгеге ұлғайту жоспарланғаны хабарланған. Осының арқасында, 8 трлн теңгеге дейінгі қаражатты жаңа жобаларды іске қосуға арнап, өндірістің қуатын ұлғайтуға, жоғары өнімді жұмыс орнын құруға мүмкіндік артады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: