Энергетика министрлігі еліміздегі мұнай өндіру көлемі 2%-ға артқанын жоққа шығарды

Мұнай өндірісі, тамыз, Энергетика министрлігі, мәлімдеме, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.09.2025 18:37 Сурет: unsplash
Энергетика министрлігі бұған дейін кейбір БАҚ-та мұнай көлеміне қатысты жарияланған мәліметті жоққа шығарды. Бұл туралы 2025 жылы 3 қыркүйекте құзырлы ведомство ақпарат таратты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Энергетика министрлігі тамыз айында Қазақстанда мұнай өндіру көлемі тәулігіне 1,712 млн баррельді құрағанын нақтылайды. Бұл көрсеткіш шілде айымен салыстырғанда тәулігіне 48 мың баррельге төмен.

"Энергетика министрлігі "елімізде мұнай өндіру деңгейі тамызда өткен аймен салыстырғанда арта түсті" деген  кейбір бұқаралық ақпарат құралдарындағы ақпаратты түбегейлі жоққа шығарады", делінген сәрсенбі күні жарияланған министрлік мәлімдемесінде.

Айта кетсек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылы 18 тамызда "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасеновты қабылдаған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: