Энергетика министрлігі мұнай өндірісіне сырттай қысым жасалып жатқаны жайлы ақпаратты жоққа шығарды

Мұнай, Энергетика министрлігі, қысым, ОПЕК, мәлімдеме, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.05.2025 21:32 Сурет: pixabay
Бұған дейін кейбір БАҚ "Қазақстандағы мұнай өндірісі көлеміне қатысты енгізілген түзетулер сыртқы қысыммен байланысты-мыс" деген тұрғыда ақпарат таратқан. Бұл ретте ҚР Энергетика министрлігі аталған мәліметті жоққа шығарып, түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Министрлік мұндай мәлімдемелерді түбегейлі жоққа шығарады", делінген құзырлы ведомство түсініктемесінде.

ҚР Энергетика министрлігі Қазақстанның ОПЕК+ ұйымы аясындағы келісім бойынша өз міндеттемелерін орындауды жалғастырып жатқанын және оны әлемдік мұнай нарығында тұрақтылықты сақтаудың маңызды құралы ретінде қарастыратынын атап өтеді. 


"Қазақстан Республикасы ОПЕК + келісіміне өзінің адалдығын растайды және жаһандық энергетикалық нарықтың тұрақтылығына өз үлесін қоса отырып, барлық қабылданған міндеттемелерді орындауды жалғастыратын болады", делінген хабарламада.

Айта кетсек, 2025 жылы 4 ақпанда ҚР Энергетика министрлігі Қазақстанның ОПЕК+ келісімі аясында өз міндеттемелерін орындау және артық өндірілген көлемді өтеу үшін қажетті шараларды қабылдайтынын мәлімдеген болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: