Қазақстан экономикасы 6,4%-ға өсті: барлық негізгі сала бойынша орнықты өсім сақталып отыр

ЖІӨ, 2025 жыл, қаңтар-қазан, экономикалық өсім, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.11.2025 17:48 Сурет: Zakon.kz
Ұлттық статистика бюросының алдын ала деректері бойынша, 2025 жылдың қаңтар-қазан айларында Қазақстанның жалпы ішкі өнімі (ЖІӨ) өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,4%-ға өсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, тауарлар өндірісі 8,2%-ға, қызмет көрсету 5,3%-ға артты.

ЖІӨ-нің өсуіне анағұрлым ең көп үлесті өнеркәсіп (өсім 7,3%) саласы қосты, оның жалпы өсімдегі мөлшері – 30%. Ал сауда және көлік салаларымен қосқанда 70%-дан асады, деп хабарлайды Ұлттық экономика министрлігі.

Өңдеу өнеркәсібінде өсім 5,8% болды. Бұл жекелеген бағыттар бойынша өнім шығарудың ұлғаюы есебінен қалыптасып отыр.

Олардың ішінде:

  • машина жасау – 11,5%-ға, соның ішінде автомобиль құрастыру - 13,3%-ға,
  • химия өнеркәсібі – 10,9%-ға,
  • азық-түлік – 9,1%-ға,
  • мұнай өнімдері – 6,3%-ға,
  • металл бұйымдары – 14,1%-ға,
  • құрылыс материалдары – 5,3%-ға өсті.

Сурет: gov.kz

Құрылыс саласында өсім ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асырумен байланысты болып отыр. Құрылыс жұмыстарының көлемінің артуы 2025 жылғы қаңтар-қыркүйектегі 14,9%-бен салыстырғанда 15,1%-ды құрады.

Ауыл шаруашылығы саласы маусымдық өсу фазасына енді. Жалпы өнім көлемі қаңтар-қыркүйек айларымен салыстырғанда 1,0 п. т.-ға жеделдеп, 5,4%-ға артты. Өсімдік шаруашылығында өсім 6,7%-ға, мал шаруашылығында 3,4%-ға жетті. Жалпы өнімнің өсуі мемлекеттік қолдау шараларымен, агротехнологияларды сақтаумен және егін жинау кезіндегі қолайлы ауа-райымен байланысты болып отыр. Бірқатар өңірде дәнді дақылдардың өнімділігі артты, олардың ішінде Ақмола (+13,6%), Қостанай (+14,9%) және Павлодар (+7,4%) облыстары бар. Сүт өндірісі 5,2%-ға, ет өндірісі 2,8%-ға, жұмыртқа өндірісі 1,4%-ға өсті.

Сурет: gov.kz

Саудада өсім деңгейі 9%-ды құрады. Өсу қарқыны саладағы үлесі 66,5% болатын көтерме сауда кәсіпорындарында байқалып отыр. Айналым қаражатының ұлғаюы Павлодар, Атырау облыстары мен Астана қаласында тіркелген.

Көлік саласында да өсімнің жоғарғы қарқыны сақталып отыр. Барлық көлік түрі бойынша тасымалдың өсуіне байланысты көлік қызметінің көлемі 20,7%-ға артты.

Сурет: gov.kz

Үкімет басым салаларды қолдауға, экономиканы әртараптандыруға және инвестициялар тартуға баса назар аудара отырып, сапалы экономикалық өсімді қамтамасыз етуге бағытталған Президент тапсырмаларын орындау үшін жұмыс істеуде.

Қазақстан экономикасының 35 жыл бұрынғы және қазіргі көрсеткіштерімен мына арадан таныса аласыздар.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: