Қазақстан экономикасының 35 жыл бұрынғы және қазіргі көрсеткіштері - экономикалық шолу

Қазақстан экономикасы, Азамат Нұрсейітов, ЖІӨ, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.10.2025 10:41 Сурет: Zakon.kz
35 жыл ішінде Қазақстан посткеңестік дағдарыстан бастап ұлттық, тұрақты және модернизацияланған экономиканы қалыптастырушы даңғыл жолды басып өтті. Бұл туралы Экономикалық зерттеулер институтының жетекші ғылыми қызметкері Азамат Нұрсейітов айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, қазіргі кезеңде әлемдік экономикадағы дүдамал жағдай мен турбуленттіліктің артуына қарамастан, Қазақстан үшін неғұрлым теңгерімді, орнықты және инклюзивті әлеуметтік-экономикалық дамуға қол жеткізу мақсатында экономикалық трансформация мәселесі әлі де өзектілік танытуда.  

Экономикалық даму кезеңдері:

  • 1990-1996 жылдар – өтпелі ауыр кезең және нарықтық экономика негіздерін қалыптастыру: теңгені айналымға енгізу, жекешелендіру, банк және салық жүйелерін құру.
  • 1997-2007 жылдары - мұнай өндіру және инвестициялар есебінен өсу, ірі жобаларды іске қосу (Теңіз, Қарашығанақ, Қашаған), Ұлттық қорды құру.
  • 2008-2014 жылдары - дағдарыстар және қалпына келу кезеңдері, Кеден одағына ену, инфрақұрылымды дамыту.
  • 2015-2019 жылдар  - диверсификация, мемлекеттік басқару реформасы, ДСҰ мен ЕАЭО-ға кіру.
  • 2020-2022 - пандемия, дағдарысқа қарсы шаралар, экономиканы қалпына келтіру.
  • 2023-2025 жылдар - ЖІӨ өсімі үш жыл қатарынан 5%-дан асып отырды, Бюджет кодексін жаңғырту, "жасыл" және өнеркәсіптік өсімге басымдық беру.

Нәтижелер мен жетістіктер:

  • Қазақстанның ЖІӨ көрсеткіші 2025 жылы 310 млрд доллардан асып, Орталық Азия экономикасының шамамен 60%-ын қамтиды.
  • Жан басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 1 570 доллардан (1990) 14 000 долларға дейін (2024) өсті.
  • Адами капиталдың даму индексі 1990 жылдан бері 21,5%-ға өсті.
  • Өңдеу өнеркәсібінің үлесі алғаш рет ЖІӨ-ге шаққандағы өндіруші сектордың үлесінен асып түсті.
  • Шағын және орта бизнес ЖІӨ-нің шамамен 40% құрайды (10 жыл бұрын бұл көрсеткіш 25% болған).

Бүгіндері Қазақстан - табысы орта деңгейден жоғары ел, ал IMD-2024 рейтингісінде бәсекеге қабілеттілік бойынша әлемде 34-ші орынға ие. Жастардың жұмыспен қамтылуы, ЖІӨ өсімінің қарқыны және өнеркәсіптік электр энергиясының қолжетімділігі бойынша көшбасшы позицияларда болып табылады.

"Алдағы онжылдықтың басты міндеті - шикізат кірістерін тұрақты өнеркәсіптік және сервистік экономикаға айналдыру", - дейді Азамат Нұрсейітов.

Бұған дейін Ұлттық қордың қаражатын жоғары технологиялық экономикаға инвестициялау жоспарланып отырғаны хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: