Үкімет астық экспортын қолдауға қосымша 7 млрд теңге бөлді

Астық, экспорт, қолдау, Үкімет, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.11.2025 17:05 Сурет: primeminister.kz
Қазақстан Үкіметі астық экспортын қолдауға қосымша 7 млрд теңге бөлді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Үкіметтің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қаражат көлік шығыстарын субсидиялаудың қолданыстағы бағдарламасы бойынша мемлекеттің міндеттемелерін толық орындауға, сондай-ақ приоритетті шетелдік нарықтарға жеткізуді одан әрі ынталандыруға бағытталады.

Қосымша қаржыландыру қажеттігі дәнді дақылдардың жоғары өнімділігі мен шетелдік сатып алушылар тарапынан қазақстандық астыққа деген сұраныстың артуына байланысты туындап отыр.

Биыл көлік шығындарын субсидиялауға Үкімет резервінен 31млрд теңге бөлінді. Бұл қаражат қазақстандық өнімнің жаңа экспорттық бағыттарға шығуын, бұрын болған нарықтарға қайтадан қол жеткізуді және баламалы логистикалық маршруттар бойынша алыс шет елдерге экспорт көлемін ұлғайтуды қамтамасыз етті. Жүзеге асырылған шаралардың қорытындысында жаңа және қалпына келтірілген нарықтарға астық жеткізу көлемі 2,5 млн тоннадан асты.

Бұған дейін 2026 жылға арналған көлік шығыстарын субсидиялау бағдарламасын кемінде 30 млрд теңге көлемінде қаржыландыра отырып ұзарту туралы шешім қабылданған болатын.

Қазақстан Республикасының Үкіметі аграрлық секторды дамыту, экспорттық әлеуетті кеңейту және отандық өндірушілерді қолдау жөніндегі дәйекті саясатты одан әрі жалғастыра береді.

Айта кетсек, 2025 жылы 28 қарашада Жоғары аудиторлық палата "Самұрық-Қазына" АҚ мен оның еншілес ұйымдарындағы мемлекеттік активтердің пайдаланылу тиімділігіне аудит жүргізіп, стратегиялық басқару жүйесін бағалады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: