Миллионер Арсен Томский қазақ қызына үйленді

Арсен Томский, қазақ қызы, үйлену, Түркия, Камила Лұқпанова, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.08.2026 15:30 Сурет: threads.com/@arsentomsky
Танымал inDrive компаниясының негізін қалаушы, миллионер Арсен Томский қазақ қызына үйленді. Сүйінші хабармен бизнесменнің өзі Threads-тегі ресми парақшасында бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Миллионердің тойы Түркияның Ыстанбұл қаласында өткен. Босфор бұғазының жағалауында түскен суретін желіге жүктеген Томский:

"Қазақ ұлтына +1 күйеу бала. Осылай енді, қазақ халқына күйеу бала болдым" деп жазды.

Суреттегі қонақтар арасынан Арманжан Байтасов, Марғұлан Сейсембай, Эдуард Ким, Нұрлан Смағұлов, Айдын Рахымбаев сияқты отандық кәсіпкерлерді де көруге болады.

Кейбір дерек көздер, миллионердің жары Камила Лұқпанова - Алматы туризм бюросының (Almaty Tourism Bureau) және қоғамдық кеңістіктерді дамыту жобаларын жүзеге асыратын TANA қорының негізін қалаушы. Ол өзінің туған қаласы Оралда білім алып, кейіннен Алматыда беделді KIMEP университетінде оқыған. Мамандығы бойынша – журналист және Master of Science (ғылым магистрі) дәрежесіне ие. Оның есімі туризм саласында жиі аталады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: