Қазақстандағы ғылым: жалақы өсcе де, ғалымдар әлі аз
Еліміздегі ғылым саласына жалпы инвестицияның жартысынан астамы тек үш өңірден келген, –делінген finprom.kz сайтында.
Ғылымға салынған инвестиция бойынша Мегаполистер – Нұр-Сұлтан мен Алматы көш бастап тұр. Бұл ретте елордаға салынған күрделі салымдар көлемі бір жылда екі есеге жуық өсіп, 3,3 млрд теңге болды. Ал Алматыда айтарлықтай өзгеріс жоқ, бір жылда 2,8 млрд теңге болды.
Үздік үштікке Қызылорда облысы да енді: 2,6 млрд теңге. Бұл 2021 жылдың қаңтар-сәуір айларымен салыстырғанда үш есе көп.
Салаға инвестицияның ең әсерлі жылдық өсімі Қостанай облысында байқалды: бірден сегіз есе, 2,6 млрд теңгеге дейін.
2022 жылдың бірінші тоқсанында кәсіптік, ғылыми және техникалық қызмет саласындағы орташа айлық атаулы жалақы 416,4 мың теңгеге жетті. Бұл республикалық көрсеткіштен 45,9% жоғары.
Мемлекеттік қолдау мен жоғары жалақыға қарамастан кәсіптік, ғылыми және техникалық қызмет саласындағы қызметкерлер саны төртінші жыл қатарынан азайып келеді. 2022 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша елімізде 81,4 мың ғылыми қызметкер бар.