Австралиялық университет жойылып кеткен қалталы қасқырды «тірілтпекші»
Мельбурн университетінің профессоры Эндрю Песк (Andrew Pask) және оның әріптестері қайырымдылықтан түскен 5 миллион долладың арқасында жойылып бара жатқан түрді жандандыру үшін әлемдік деңгейдегі зертхана ашады, деп хабарлайды Naked Science.
Тасманиялық қасқыр немесе тилацин (Thylacinus cynocephalus) тақыр жүнді итке ұқсайды, бірақ ол қалталы сүтқоректілерге жатады. Бір кездері ол Австралияда, Жаңа Гвинеяда және Жаңа Зеландияда өмір сүріп, ең ірі жыртқыш болып танылды.
Австралияда қалталы қасқырлар шамамен 2000 жыл бұрын, ал Жаңа Гвинеяда одан да ертерек жоғалып кетті. Олар Тасмания аралында ең ұзақ сақталды.
2007 жылы Эндрю Пэск әріптестерімен бірге мұражайда сақталған үлгіден ДНҚ алып, қалталы қасқыр геномын реттеді. Ғалым Тасманиядағы қазіргі тіршілік ету ортасы салыстырмалы түрде өзгеріссіз қалды, бұл тилацинді қайта ортаға қосу үшін тамаша жағдай деген оптимистік пікірде. Ғалым бұл жұмыс көп ақша талап ететінін ескертеді.