«Қоқиқаз тесті»: Адамның қанша өмір сүретіндігін анықтайтын зерттеу
"Медикфорум" басылымының мәліметінше, егер сіз 60 жастан асқан соң ұзынтұра қоқиқаз (фламинго) құсап 10 секундтан артық тұра алсаңыз, онда бұл ұзақ өмір сүрудің белгісі. Ал егер бұл сыннан өтпесеңіз, онда мерзімінен бұрын өмірмен қош айтысу мүмкіндігі жоғары.
Орта жастағы бір аяғында көп аялдап тұра алмайтындар адамдар екі есе жиі өледі. Бұл мүмкіндікті зерттеу авторлары 50 жастан 75 жасқа дейінгі 2 мың адамда сынап көрген. Егер адам бір аяғында тұру қабілеті 10 секундтан аспаса, онда олардың келесі 10 жыл ішінде қайтыс болу ықтималдылығы - 84%.
Осы қарапайым сынақтың көмегімен денсаулығы нашар адамдарды оңай анықтауға болады. Олар гипертонияға, сусамырға, жүрек-тамыр ауруларына шалдыққандар арасында жиі кездеседі. Мұндай сынақтың бейресми атауы - "фламинго сынағы", өйткені бұл құстар бір аяғында ұзақ уақыт тұруды ұнатады. Бұл тестіні орта жастағы және егде жастағы адамдардың денсаулығын күнделікті тексеру тәсілдері қатарына кіргізіп қоюына болады.
Жаңалық сипатындағы материалдарды дәрігердің тағайындауындағы рецептімен теңестіруге болмайды. Қандай да бір шешім қабылдамас бұрын маманмен кеңесіп алғаныңыз жөн.