Қазақстанның білім беру саласында жаңа медаль пайда болады
Қаулының "Ведомстволық наградалармен марапаттау негіздемелері» деген бөлімінде "МЕЙІРІМ – ӘЛЕМГЕ МАХАББАТПЕН" медалі" деген сөз "МЕЙІРІМ" медалі болып өзгертілді.
"МЕЙІРІМ" медалімен балаларды адамгершілік-рухани тәрбиелеу жүйесін дамытуға, жас ұрпақтың бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастыруға, балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау саласын жетілдіруге елеулі үлес қосқан, сондай-ақ балалардың әл-ауқатының деңгейін арттыруға, балалар үшін қолайлы жағдайлар жасауға, балалар инфрақұрылымын дамытуға ықпал ететін білім беру саласының қызметкерлері және өзге де адамдар марапатталады.
Сурет: скриншот
"МЕЙІРІМ" медалі диаметрі 45 мм шеңбер нысанында жезден жасалады. Медальдің фоны күңгірттелген. Бет жағында шеңбердің жиектерінде ақ фонда алтын түстес "МЕЙІРІМ" деген жазу орналасқан. Жазулар нүктелермен бөлінген.
Шеңбердің ортасында – алтын сары түсті шұғылалы күн дискісі. Күн дискісінде тұмсығында бұтақ бар түркептер бейнеленген.
Сыртқы жағында "ЖАС ҰРПАҚТЫҢ АДАМГЕРШІЛІК ЖӘНЕ РУХАНИ ТӘРБИЕСІНЕ ҚОСҚАН ҮЛЕСІ ҮШІН" деген жазу орналасқан.
Медальдағы барлық бейнелер мен жазулар шығыңқы. Медаль құлақша мен шығыршық арқылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы түстес жібек қатқыл лентамен тысталған ені 28 мм және биіктігі 25 мм тікбұрышты тағанға жалғанады. Қалыптың төменгі жағында ені 28,5 мм және биіктігі 7,4 мм беті жылтыр жапсырма бар.
Құжат 16 мамырға дейін талқылау үшін Ашық НҚА сайтында жарияланды.