Қазақстанның 12 оқушысы Менделеев олимпиадасының жүлдегері атанды
Астанада химия пәнінен оқушылардың 57-ші Халықаралық Менделеев олимпиадасы аяқталды. Қазақстан құрама командасы екі күміс және 10 қола медаль жеңіп алды.
Күміс медаль иегерлері:
Әлихан Смет– Астана қаласының дарынды ер балаларға арналған «Білім-Инновация» лицейінің 11 сынып оқушысы;
- Инсар Имаш – Haileybury Almaty мектебінің 11 сынып оқушысы.
Қола медаль иегерлері:
- Бекболат Мамырбеков – Шығыс-Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған "Білім-Инновация" лицейінің 11 сынып оқушысы;
- Шәкір Жақсылық – Маңғыстау облыстық "Білім-Инновация" лицей-интернатының 10 сынып оқушысы;
- Диас Қоршыбек - мамандандырылған "Білім-Инновация" лицейінің 10 сынып оқушысы;
- Кирилл Ким – Астана қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10 сынып оқушысы;
- Әліби Мұғалім - Маңғыстау облыстық "Білім-Инновация" лицей-интернатының 11 сынып оқушысы;
- Айбол Оразалин – Алматы қаласының мамандандырылған "Білім-Инновация" лицейінің 11 сынып оқушысы;
- Әділжан Молдағұл - Маңғыстау облыстық "Білім-Инновация" лицей-интернатының 10 сынып оқушысы;
- Абылай Кабдулхадыр - Астана қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10 сынып оқушысы;
- Ринат Илюсизов – Павлодар қаласының дарынды балаларға арналған № 8 мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы;
- Асанәлі Қали – Қостанай облыстық "Білім-Инновация" лицей-интернатының 11 сынып оқушысы.
Сондай-ақ "Теориялық турдағы үздік шешім" номинациясы бойынша ҚР Оқу-ағарту министрінің арнайы сыйлығымен Астаналық Әлихан Смет марапатталды. Олимпиада жеңімпаздарына еліміздің бес жетекші отандық жоғары оқу орындарынан 17 грант бөлінді.
Айта кетсек, химия пәнінен оқушылардың 57-ші Халықаралық Менделеев олимпиадасына 21 елден 116 оқушы қатысты.