Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстан оқушысы қой шаруашылығын автоматтандыратын жоба дайындады

Қазақстан оқушысы қой шаруашылығын автоматтандыратын жоба дайындады, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.05.2023 11:30 Сурет: primeminister.kz
Абай облысы Аягөз ауданындағы қалалық көпбейінді қазақ мектеп-гимназиясының оқушысы Бекнұр Айдарбек қой шаруашылығын автоматтандыруды ойлап тауып, шаруа қожалығына ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Мақсат - Шопан ата төлін көбейту. Жобаның тиімділігі: замануи жабдықтарды пайдалану, жоғары сапа, аз шығын, қожалықтарды автоматтандыру арқылы шаруашылық жұмысын жеңілдету. Жобада қойшының жұмысын жеңілдету үшін жем, шөп науаға автоматтандырылған жүйе арқылы салынып, су мотор арқылы құйылады. 

"Ферманың іші жарық, таза. Қойларды жаю үшін «электроқойшы» құрылғысын ұсынамыз. Құрылғы мобильді, басқа жайылымға апарып орнатуға да болады. 2 га жер сыммен қоршалып, қой сол қорғанның ішінде жайылады»,- дейді 8-сынып оқушысы Бекнұр Айдарбек.

Бекнұр жобаны іске асыру кезеңінде қаражаттың жұмсалуын есептеп, экономикалық тиімділігін де көрсеткен, маркетингтік жоспарын жасаған.

"Жазғы, қысқы демалыс кезінде ауылға барып, атама көмектесемін. Шаруашылықта мал бағу, жем-шөп дайындау секілді жұмыс көп. Менің арманым – шаруашылықты автоматтандыруға қол жеткізу, бұл әкем мен атамның жұмысын жеңілдетер еді", - дейді Бекнұр.

Қазір оқушы «Қой шаруашылығын автоматтандыру» жобасын мамыр айында өтетін фестивальға дайындап жатыр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: