Қостанайлық оқушылар егіс алқабын бүркіп суаратын автоматтандырылған құрылғы ойлап тапты

оқушы, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.05.2023 17:17 Сурет: Оқу-ағарту министрлігі
Қостанай қаласы физика-математика лицейінің оқушылары егіс алқабын бүркіп суаратын Komilekc деп аталатын жоба ойлап тапты, деп хабарлайды Zakon.kz Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

11-сынып оқушылары Сергей Трефилов пен Александр Цюпайдың айтуынша, бұл механизм далалық құрылғылардың тиімділігін бірнеше есе арттыруға көмектеседі.

"Интеллектуал жүйе мұнай негізіндегі отынның орнына электр қуатын пайдаланады. Қазіргі заманғы GPS жүйелері, қауіпсіз препараттар, сондай-ақ ақылды маршрутты есептеу мен сұйықтық шығынының алгоритмдері артады. Жоба аясында егіс алқабына шығып, көп сынақ өткізген болатынбыз, барлығы да бұл жобаның тиімділігін дәлелдеді", - дейді қостанайлық оқушылар.

Сергей Трефилов пен Александр Цюпай бала кезден информатика, модельдеу және робототехникаға әуес және осы салада өздерін шыңдап жүр.

Олар Халықаралық цифрлық форум көрмесіне қатысып, республикалық әлеуметтік жобалар конкурсының жүлдегері атанды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: