Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев ХХ ғасырдағы саяси қуғын-сүргін материалдарын зерттеу орталығына барды

 ХХ ғасырдағы саяси қуғын-сүргін материалдарын зерттеу орталығы, ҚР президенті, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.05.2023 13:14 Сурет: akorda.kz
31 мамыр күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы ХХ ғасырдағы саяси қуғын-сүргін материалдарын зерттеу орталығының жұмысымен танысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев орталықта құжаттарды сақтау шартымен, мұрағат құжаттарын қалпына келтіру және микрофильмдеу кабинеттерінің жұмысымен танысты.

ХХ ғасырдағы саяси қуғын-сүргін материалдарын зерттеу орталығы, Президент, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.05.2023 13:14

Сурет: akorda.kz

Сонымен қатар Мемлекет басшысына өткен ғасырдағы саяси қуғын-сүргін тарихына қатысты материалдар бойынша жүргізілген жұмыстардың экспозициясы көрсетілді.

Мемлекет басшысы тарихымызды зерделеу ісінде Орталықтың жұмысы маңызды екенін атап өтіп, ұжымға сәттілік тіледі.

Президенттің Жарлығымен 2020 жылдың қараша айында ХХ ғасырдағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөнінде мемлекеттік комиссия құрылды. Мемлекеттік комиссияның жұмысына қолдау көрсету мақсатында 2021 жылы ХХ ғасырдағы саяси қуғын-сүргін материалдарын зерттеу орталығы ашылды.

ХХ ғасырдың 30-50 жылдарындағы саяси қуғын-сүргін тарихына қатысты материалдар Орталыққа ІІМ, ҰҚК, Бас прокуратураның арнаулы мұрағаттарынан беріледі

Орталық таяу уақытта барлығы 715 мыңға жуық істі қабылдап алады деп жоспарланып отыр. Мұнда құжаттарды құпиясыздандыру, қалпына келтіру жұмыстары жүзеге асырылады. Оларды зерттеу және ғылыми айналымға енгізу үшін тиісті жағдай жасалған.

ХХ ғасырдағы саяси қуғын-сүргін материалдарын зерттеу орталығы, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.05.2023 13:14

Сурет: akorda.kz

Қазіргі уақытта тарихшы-ғалымдар мен орталық қызметкерлері «Алашорда ісі. 1920-1940 жж. Құжаттар мен материалдар» атты көптомдықты баспаға дайындап жатыр. Бұл басылым ХХ ғасырдағы Қазақстанның саяси тарихының ғылыми көкжиегін кеңейтеді.

Саяси қуғын-сүргін құрбандары, ҚР президенті, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.05.2023 13:14

Сурет: akorda.kz

Орталықтың қорында 1 миллион 132 мың іс сақталған.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: