Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев Алматыда Инновациялық шығармашылық орталығына барды

Мемлекет басшысы Оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығына барды, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.06.2023 11:51 Сурет: akorda.kz
2023 жылғы 1 маусымда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға жұмыс сапары аясында Инновациялық шығармашылық орталығына барды, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматы қаласына сапарының екінші күні Наурызбай ауданында орналасқан мектеп жасындағы балаларға арналған инновациялық шығармашылық орталығының жұмысымен танысудан басталды, деп мәлімдеді ҚР президентінің баспасөз қызметі.

Орталықта оқушыларды ғылыми-техникалық, көркем-эстетикалық шығармашылыққа баулып, олардың экологиялық-ботаникалық дүниетанымын кеңейтетін, болашақ мамандығын таңдауына бағыт-бағдар беретін клубтар мен үйірмелер жұмыс істейді.

3D принтер, Оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығы, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.06.2023 11:51

Сурет: akorda.kz

Мемлекет басшысына Орталықтағы кәсіби бағдарлау кабинетінің және авиамодельдеу, виртуалды зертхана, баламалы энергия көздері секілді үйірмелердің жұмысы таныстырылды.

 Оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығы, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.06.2023 11:51

Сурет: akorda.kz

Орталықты аралап көру барысында Мемлекет басшысы жеткіншектермен әңгімелесіп, оларды бүгінгі мерекесімен құттықтады. Сондай-ақ балалардың дарынын, қабілетін дамыту үшін осындай орталықтар өте қажет екенін атап өтті.

3D принтер, Оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығы, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.06.2023 11:51

Сурет: akorda.kz

Президент балалар өздеріне ұнаған іспен айналысса, өмірде үлкен жетістікке жететінін, қоғамда құрметті азамат атанатынын айтып, оларға сәттілік тіледі.

Оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығы, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.06.2023 11:51

Сурет: akorda.kz

Үш қабатты ғимаратта орналасқан инновациялық шығармашылық орталықта 1000-нан астам бала бір мезгілде түрлі үйірмеге және спорт секциясына қатыса алады.


Бұдан бөлек, мұнда психологиялық-педагогикалық түзету, дефектолог, логопед кабинеттері жұмыс істейді, сондай-ақ 300 орындық көрермен залы, медиакөрме, интерактивті ойын және коворкинг алаңдары бар.



Оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығы, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.06.2023 11:51

Сурет: akorda.kz

Алматы әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова Мемлекет басшысына қаладағы қосымша білім беру саласының дамуы жөнінде баяндады

Оның айтуынша:

  • Қазіргі кезде шаһарда қосымша білім беретін 17 мекеме бар.
  • Мектеп жасындағы 320 мың баланың тек 10 пайызы тегін үйірмелермен және спорт секцияларымен қамтамасыз етілген.
  • Президенттің тапсырмасы бойынша «100 заманауи оқушылар сарайын салу» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Алатау ауданында тағы да осындай инновациялық шығармашылық орталық салынған. Осындай нысандардың балаларға қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін Түрксіб және Бостандық аудандарында бұрынғы ескі оқушылар сарайының орнына жаңадан даму және шығармашылық орталықтарын салу жоспарланған.
  • Жалпы, қала басшылығы 2025 жылдың соңына қарай тегін қосымша біліммен қамту көрсеткішін 25 пайызға жеткізуді көздеп отыр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: