Абай облысында оқушы бала виртуалды 3D тур-музейін әзірледі
"Виртуалды әлемге кірген қонақты дыбысты гид қарсы алып, Қазақстанның әр дәуіріндегі дәстүрлі құқық пен сот жүйесінің қалыптасу жолымен таныса алады", делінген министрлік таратқан хабарламда.
3D мұражай 4 бөлімнен тұрады:
- "Ежелгі дәуірдегі Қазақстандағы дәстүрлі құқық және сот билігі";
- "Орта ғасырлардағы сот-құқықтық жүйе";
- "Революцияға дейінгі кезеңдер";
- "ҚР Тәуелсіздік жылдарындағы құқықтық және сот жүйесінің қалыптасуы мен дамуы".
Оқушының айтуынша, бұл жоба виртуалды кеңістікте қазақ тарихындағы құқықтық жүйенің сақ тайпасынан басталып, бүгінге дейінгі қалыптасу жол туралы ақпарат алуға болады. Осы саланы зерттеушілер үшін тиімді тәсіл.
"Виртуалды мұражайдың көмегімен бір нүктеден екінші нүктеге өтуге, алыс жерлерге қарауға, үлкейтуге немесе керісінше кейбір заттарды алыстатуға болады. 3D тур музейі - оқушылардың тарих пәніне қызығушылығын арттырады, құқықтық тақырыптарды меңгеруге пайдасын тигізеді. Зерттеудің қалыпты әдістеріне қарағанда жаңа формат оқушылардың ізденісін арттырады", – дейді Нұрәлі Амангелдиев.
Виртуалды мұражайдың тағы бір ерекшелігі - есту қабілеті төмен балалар үшін турды түсіндіретін сурдодаудармашы да бар.
Оқушы дайындаған бағдарламаны Жазкент кентінің мектеп лицейінің педагогтері құқық негіздері пәнінде қосымша әдістеме ретінде қолданып, оң нәтиже берген.