Қазақстанда университеттердегі профессорлар мен оқытушылар үшін ең төменгі жалақы белгіленді

Жоғары оқу орындары оқытушыларының жалақысы, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігібілім , сурет - Zakon.kz жаңалық 04.08.2023 10:03 Сурет: Zakon.kz
Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрығымен 2023 жылғы 1 шілдеден бастап жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында профессор-оқытушылар құрамы үшін ұсынылатын ең төменгі жалақы мөлшері анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осылайша, штаттағы профессор-оқытушылар құрамы үшін ұсынылатын ең төменгі жалақы мөлшері:

  • оқытушыға – 240 000 теңге;
  • аға оқытушыға – 276 000 теңге;
  • қауымдастырылған профессорға – 312 000 теңге;
  • профессорға – 420 000 теңге;
  • ұлттық ЖЖОКБҰ-ы профессорына – 480 000 теңге.

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетіне бұйрықты ЖЖОКБҰ атқарушы органы басшыларына жеткізу тапсырылды.

Өз кезегінде, ЖЖОКБҰ-ның атқарушы органы басшыларына осы бұйрықты басшылыққа алу және оның 2023 жылғы 1 шілдеден бастап орындалуын қамтамасыз ету тапсырылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: