Жаңалықтар тізбегі
0

Президент жасанды интеллект саласына қажетті кадр даярлауды тапсырды

Жолдау, жасанды интеллект, Қазақстан, ғылым, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.09.2023 12:10 Сурет: pixabay
Үкімет жасанды интеллектіні дамыту ісіне баса назар аударуға тиіс. Бұл мәселеге мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары" атты Қазақстан халқына жолдауында тоқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президенттің пайымынша, әлемде алдағы бірнеше жылда осы салаға бір триллион доллардан астам инвестиция салынады деген болжам бар. Оның сөзінше, жасанды интеллект оны дамыта білген елдердің ішкі жалпы өніміне айтарлықтай үлес қосуы мүмкін.

"Жасанды интеллектінің мүмкіндіктерін толық пайдалансақ, білім экономикасына тың серпін береміз", – деді мемлекет басшысы.

Бұл ретте президент жетекші халықаралық компаниялармен ынтымақтастық орнату керек екенін алға тартып, білікті мамандар даярлау қажет екенін атап өтті.

"Кемінде үш белгілі жоғары оқу орны жасанды интеллект саласына қажетті кадр даярлаумен және зерттеулер жүргізумен айналысуы керек.Еліміз есептеу қуаттарын жаһандық тұтынушыларға сататын орынға айнала алады. Сондықтан ірі мәлімет орталықтарын салуға инвестиция тарту үшін түрлі жеңілдіктерді де қамти отырып, барынша қолайлы жағдай жасау керек".Қасым-Жомарт Тоқаев

Сондай-ақ ол мәліметті сақтау және өңдеу саласында Қазақстанның мүддесін ілгерілету қажет екенін бас айтты.

"Цифрландыру ісінде басшылыққа алынатын қағидаттарды заң жүзінде бекітетін кез келді", – деді президент.

Мемлекет басшысы ойын түйіндей келе үкіметке, сарапшылар қауымына, Парламент депутаттарына біртұтас салалық құжат әзірлеу мәселесімен айналысуды тапсырды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: