Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау бойынша тестілеу қалай өтеді

Қазтест, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.09.2023 12:29 Сурет: Ұлттық тестілеу орталығы
Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті "Қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау (ҚАЗТЕСТ)" бойынша тестілеу өткізу жөніндегі қағиданы әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

"ҚАЗТЕСТ" жүйесі бойынша тестілеуді Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі "Ұлттық тестілеу орталығы" Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны жүргізеді.

Қағаз немесе электронды форматта диагностикалық және сертификаттық тестілеулер Орталық басшылығы бекіткен кесте бойынша жұмыс күндері (мереке күндерін қоспағанда дүйсенбі-жұма аралығында) өткізіледі.

Қағаз немесе электронды форматта диагностикалық және сертификаттық тестілеулер жеке тұлғалар үшін – Астана қаласында, ал заңды тұлғалар үшін шақырушы тараптың ғимаратында, облыс орталықтарында және республикалық маңызы бар қалаларда – тапсырыс беруші мекеменің базасында өткізіледі.

"ҚАЗТЕСТ" бойынша тестілеу екі түрге бөлінеді: диагностикалық және сертификаттық. Диагностикалық және сертификаттық тестілеу қағаз және электронды түрде өткізіледі.

Диагностикалық тестілеу: 1 сағат 40 минут (100 минут) уақытты құрайды. Диагностикалық тестілеу 100 сұрақтан тұратын келесі бөліктерді қамтиды:

  1. Тыңдалым – 20 тапсырма (20 минут);
  2. Лексика-грамматикалық құрылым – 40 тапсырма (30 минут);
  3. Оқылым – 40 тапсырма (50 минут).

Сертификаттық тестілеу – Тыңдалым, Лексика-грамматикалық құрылым, Оқылым бөліктері бойынша 100 тест тапсырмасынан, Жазылым бөлігі бойынша деңгейге сәйкес 2-3 жазбаша тапсырмадан және Айтылым бөлігі бойынша 1-2 ауызша тапсырмадан тұрады.

  • Тыңдалым – 20 тапсырма (20 минут);
  • Лексика-грамматикалық құрылым – 40 тапсырма (30 минут);
  • Оқылым – 40 тапсырма (50 минут);
  • Жазылым – 2-3 тапсырма (35-60 минут);
  • Айтылым – 1-2 тапсырма (7 минут).

Әр тапсырма бір балмен бағаланады. Әрбір дұрыс жауап үшін бір балл беріледі.

Тестілеуге кіргізу тәртібі

Тестілеу өтетін аудиторияға жеке азаматтар өтініштерінің негізінде жеке басын куәландыратын құжат бойынша (жеке куәлік немесе төлқұжат) кіргізіледі. Сонымен қатар, жеке тұлғалар екінші деңгейлі банк бөлімшелерінде немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда қызмет ақысын төлеген жағдайда қызмет төлемақысын растайтын құжатты ұсынады, онлайн төлем кезінде тапсырыс нөмірі көрсетілген түбіртек көшірмесін ұсынады.

Заңды тұлғалар өтінішхат негізінде тізім бойынша тестілеуге кіргізіледі. Сонымен қатар ақы төленгенін растайтын құжат (түпнұсқасын) немесе жасалған қызмет көрсету шартын (сертификаттық тестілеу жағдайында) ұсынады.

Тестілеуге кіргізу барысында тестіленушінің орнына бөгде тұлғаның кіргені анықталған жағдайда "Тестілеуге кіргізу барысында тестіленушінің орнына бөгде тұлғаның анықталғандығы туралы акт" толтырылады және тестіленуші ағымдағы жылы тестілеуден шеттетіледі. Тестілеуге "бөгде тұлғаларды" тартқан тестіленушілер де ағымдағы жылы тестілеуге жіберілмейді.

Орталықтың уәкілетті өкілі тестіленушіні аудиторияға кіргізу барысында оның өзімен бірге оқулықтар мен әдістемелік әдебиеттерді, фотоаппарат, ақпаратты тасымалдау функцияларымен кез келген ұялы байланыс құралдарын (пейджер, ұялы телефондар, планшеттер, iPad (Айпад), iPod (Айпод), SmartPhone (Смартфон)), ноутбуктер, плейерлер, модемдер (ұялы роутерлер), радио-электрондық байланыстың кез келген түрін Wi-Fi, радио-электрондық байланыстың кез келген түрін Bluetooth (Блютуз), DECT (дект), 3G (3 Джи), 4G (4 Джи), 5 G (5 Джи), смарт сағат, сымды және сымсыз құлаққаптар, диктафон және т. б.) шпаргалкалар, оқу-әдістемелік әдебиет, сөздіктер кіргізбеуін қадағалайды.

Тестіленуші жеке басын сәйкестендіру рәсімінен өткеннен кейін тестілеу аудиториясына кіріп, бос жұмыс орнына отырады.

"ҚАЗТЕСТ" тестілеуі өтетін Орталық ғимаратына кіргізу Фейс-Айди (Face-ID) жүйесі арқылы жүргізіледі.

"ҚАЗТЕСТ" сертификатының жарамдылық мерзімі:

  • Қарапайым деңгей (А1) – 2 жыл;
  • Базалық деңгей (А2) – 2 жыл;
  • Орта деңгей (В1) – 2 жыл;
  • Ортадан жоғары деңгей (В2) – 3 жыл;
  • Жоғары деңгей (С1) – 3 жыл.

Сертификаттың оң жағындағы төменгі бұрышында құжаттың берілген күні мен жарамдылық мерзімі көрсетіледі.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: