Жаңалықтар тізбегі
0

"Өмір бойы оқы және үйрен" деген қағида алға шығуы керек – Тоқаев

"Өмір бойы оқы және үйрен" деген қағида алға шығуы керек – Тоқаев, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.10.2023 12:20 Сурет: pixabay
Мемлекет басшысы Республикалық педагогтер съезінде балаларымыз заманға сай озық білім алуы қажет екенін айтты. Бұған қазір еңбек нарығы өте жылдам өзгеріп жатқаны да себеп, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тоқаевтың сөзінше, азаматтарымыз жаңа заманға қажет дағдыларды үйренуі керек.

"Қазір еңбек нарығы өте жылдам өзгеріп жатыр. Көптеген салаға жасанды интеллект еніп жатыр. Бұл үдеріс жылдан жылға қарқын ала беретіні сөзсіз. Бүгін жоғары сұранысқа ие мамандық ертең қажет болмай қалуы мүмкін. Ғалымдар 2050 жылға қарай қазіргі кәсіптердің жартысына жуығын цифрлық және техникалық жүйелер алмастырады деген болжам айтып жүр. Сондықтан азаматтарымыз жаңа заманға қажет дағдыларды үйренуі керек. Бұл – өте маңызды міндет".Қасым-Жомарт Тоқаев

Президент әр азамат үздіксіз оқуы керек екенін баса айтты. Қазір жұмыс берушілер үшін ең бастысы диплом немесе сертификат емес.


"Бұрын "алған дипломың өмір бойы азық болады" деген түсінік бар еді. Енді оның орнын "Өмір бойы оқы және үйрен" деген қағида басуы керек. Қазір жұмыс берушілер үшін ең бастысы диплом немесе сертификат емес. Олар іздене білетін, жаңа талапқа икемделе алатын, тәртіпті және ұқыпты жас мамандарды бағалайды, яғни қызметкердің қолындағы қағазға емес, қарым-қабілетіне мән береді. Сондықтан әр азамат үздіксіз оқуы керек. Осындай білімге құштарлықты баланың бойына мектептен бастап сіңіру қажет. Балаларымыз білікті маман болсын десек, ең әуелі, орта білім сапалы болуы керек", - деп қосты Тоқаев.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: