Жаңалықтар тізбегі
0

Оқу жылының соңында оқушылар қандай емтихандар тапсырады

Оқу жылы, аттестат, емтихан, жас түлек,, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.10.2023 15:18 Сурет: pixabay
Оқу-ағарту министрлігі "Орта білім беру ұйымдарында 2023-2024 оқу жылының басталу және аяқталу мерзімдерін, сондай-ақ білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу мерзімдерін айқындау туралы" 2023 жылғы 4 қазандағы бұйрығына қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан орта білім беру ұйымдарында 2023-2024 оқу жылының басталуы мен аяқталуының мерзімдері:

  • 2023 жылғы 1 қыркүйек – 2024 жылғы 25 мамырды қоса алғанда:

1-11 (12) сыныптарда оқу жылы ішінде тоқсандардың және демалыстардың ұзақтығы:

  • 1-тоқсан – 8 оқу аптасы, күзгі демалыс – күнтізбелік 7 күн (2023 жылғы 30 қазаннан бастап 5 қарашаны қоса алғанда);
  • 2-тоқсан – 8 оқу аптасы, қысқы демалыс – күнтізбелік 10 күн (2023 жылғы 29 желтоқсаннан бастап 2024 жылғы 7 қаңтарды қоса алғанда);
  • 3-тоқсан – 10 оқу аптасы, көктемгі демалыс – күнтізбелік 11 күн (2024 жылғы 21-31 наурыз аралығында);
  • 4-тоқсан – 8 оқу аптасы.

Қорытынды аттестаттау мерзімдері:

  • 9 (10)-сынып оқушылары үшін қорытынды бітіру емтихандары – 2024 жылғы 29 мамырдан бастап 10 маусым аралығында;
  • 11 (12)-сынып оқушылары үшін қорытынды бітіру емтихандары – 2024 жылғы 28 мамырдан бастап 11 маусым аралығында.

Бұған қоса қорытынды аттестаттауды өткізу мерзімдері бекітілді:

9 (10)-сынып оқушылары үшін:

  • қазақ тілі/орыс тілі және өзбек/ұйғыр/тәжік тілінде білім беретін мектептер үшін ана тілі (оқыту тілі) бойынша эссе нысанында жазбаша емтихан, гуманитарлық цикл пәндерін тереңдетіп оқытатын мектеп білім алушылары үшін - жазбаша жұмыс (мақала, әңгіме, эссе) – 2024 жылғы 29 мамыр;
  • математика (алгебра) бойынша жазбаша емтихан (бақылау жұмысы) – 2024 жылғы 3 маусым;
  • орыс/өзбек/ұйғыр/тәжік тілінде оқытатын сыныптарда қазақ тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан (мәтінмен жұмыс, мәтін бойынша тапсырмаларды орындау) және қазақ тілінде оқытатын сыныптарда орыс тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан (мәтінмен жұмыс, мәтін бойынша тапсырмаларды орындау) – 2024 жылғы 6 маусым;
  • таңдау пәні бойынша жазбаша емтихан (физика, химия, биология, география, геометрия, Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы, әдебиет (оқыту тілі бойынша), шет тілі (ағылшын/француз/неміс), информатика) – 2024 жылғы 10 маусым;

11 (12)-сынып оқушылары үшін:

  • қазақ тілі/орыс тілі бойынша және ұйғыр/тәжік/өзбек тілінде білім беретін мектептер/сыныптар үшін ана тілі (оқыту тілі) бойынша жазбаша емтихан – 2024 жылғы 28 мамыр;
  • алгебра және анализ бастамалары бойынша жазбаша емтихан – 2024 жылғы 31 мамыр;
  • Қазақстан тарихы бойынша ауызша емтихан – 2024 жылғы 4 маусым;
  • орыс/өзбек/ұйғыр/тәжік тілдерінде оқытатын мектептерде/сыныптарда қазақ тілі мен әдебиетінен және қазақ тілінде оқытатын мектептерде/сыныптарда орыс тілі мен әдебиетінен жазбаша емтихан – 2024 жылғы 7 маусым;
  • таңдау пәні бойынша жазбаша емтихан (физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзілік тарих, құқық негіздері, әдебиет (оқыту тілі бойынша), шет тілі (ағылшын/француз/неміс), информатика) – 2024 жылғы 11 маусым.

Бұйрық 2023 жылғы 7 қазанда қолданысқа енгізіледі және 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап туындайтын құқықтық қатынастарға қолданылады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: