Жаңалықтар тізбегі
0

Ғалымдар адам миының атласын жасады

Ми атласы, мидағы жасушалар, Альцгеймер, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.10.2023 12:43 Сурет: pixabay
Мидың жаңа атласының түпкі мақсаты – адам миының жұмысын, сондай-ақ Альцгеймер ауруынан депрессия мен шизофренияға дейінгі әртүрлі неврологиялық және психиатриялық аурулардағы процестерді жақсырақ түсіну, деп хабарлайды Zakon.kz.

Дүние жүзіндегі бүкіл ғалымдар қолдана алатын бұл атласты біз білетін атластарға ұқсас нәрсе ретінде қарастыруға болады, деп жазды UPI.

Атлас адам миының жасушаларын, оның әртүрлі және күрделі екенін көрсетеді. Сан-Диего университетінің профессоры Бинг Реннің айтуынша, болашақта бұл атслас басқа зерттеушілерге ми бойынша "бағдар алуға" көмектеседі.

Атлас ми жасушаларының 3000-нан астам түрін қамтиды және оның әр адамда әр түрлі болатынын, приматтардың ми жасушаларынан қалай ерекшеленетінін, ми жасушаларының кейбір түрлерінің белгілі бір аурулармен қандай байланысы бар екенін және т.б. түсінуге мүмкіндік береді.

Ми жасушаларын терең түсіну, сайып келгенде, нейропсихиатриялық ауруларды, соның ішінде ешкім әлі ойлап көрмеген кейбір ауруларды емдеудің жаңа, жоғары әдістерін табуға ықпал етуі мүмкін.

Зерттеушілер мидың 42 аймағындағы 1 миллионнан астам жасушаны егжей-тегжейлі зерттеп, үш адамның миын талдаған. Олар 107 түрлі ми жасушаларының қосалқы түрлерін анықтады және содан кейін жасушаның молекулалық биологиясының кейбір аспектілерін шизофрения, биполярлық бұзылыс және Альцгеймер ауруы сияқты белгілі бір аурулармен байланысын зерттеген.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: