Қазақстанда жаңа университет ашылады
Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
2024 жылы Қазақстанда қазақ-француз университеті ашылады. Бұл жөнінде Франция президенті Эммануэль Макрон Қасым-Жомарт Тоқаевпен келіссөз жүргізгеннен кейін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Макрон Франция Қазақстанмен мәдени-гуманитарлық байланыстарды кеңейтуге ниетті екенін жеткізді.
"Біз үшін қазақ мектептеріне француз тілінің қайта үйретіле бастағаны өте маңызды. Біз бұл үшін бар күш-жігерімізді салуға дайынбыз. Екі елдің білім беру ұйымдары арасында қол қойылған үкіметаралық келісімге үлкен үміт артып отырмын. Мысалы, мен серіктестігіміздің жаңарғанына өте қуаныштымын және 2024 жылдың қыркүйегінен бастап француз-қазақ университеті жұмыс істей бастайды". Эммануэль Макрон
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің айтуынша, университет Қазақстан-Германия университетіне ұқсас құрылады.
"Біз бұл мәселені зерттеу үшін жеке жұмыс тобын құрамыз, сонымен қатар Францияның мықты университеттерін тарта отырып, өңірлік университеттерде ғылыми-зерттеу бөлімшелерін ашу мүмкіндігін талқылаймыз". Саясат Нұрбек
Қасым-Жомарт Тоқаев та Қазақстанда француз мәдениеті мен француз тілін ілгерілетудің маңызын атап өтті.
"Біз өз тарапымыздан осы маңызды салада бірлесіп жұмыс істеуге бар күш-жігерімізді саламыз. Менің ойымша, қазақстандықтар үшін Франция халқы туралы, бай мәдениетіңіз туралы көбірек білу, француз тілін үйрену, әрине, маңызды. " Қасым-Жомарт Тоқаев
2023 жылғы 1 қараша күні Эмманюэль Макрон Қазақстанға ресми сапармен келді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript