Комиссия шешімі: 326 жасқа Қытайдың ЖОО-ларында оқу ұсынылды

Студент, Қазақстан, Қытай, ЖОО, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.03.2024 20:35 Сурет: freepik
ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Динара Щеглованың төрағалығымен Үкіметаралық гранттар бойынша қорытынды комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құзырлы ведомствоның хабарлауынша, комиссия шешімімен 326 қазақстандық Қытай Халық Республикасының жоғары оқу орындарында бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша оқуға ұсынылды.

"Білім беру гранттарын тағайындау туралы соңғы шешім Қытай Халық Республикасының тарапынан қабылданады. Грант академиялық оқу, жатақханада тұру, медициналық сақтандыру шығындарын өтейді, сонымен қатар студенттерге ай сайын стипендия төленеді. Оқу ағылшын немесе қытай тілінде өтеді", делінген хабарламада.

Ұсынылған үміткерлер тізімімен "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ bolashak.gov.kz сайтында танысуға болатыны нақтыланады.

Айта кетсек, "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ үкіметаралық гранттардың әкімшісі бола отырып, өтінімдерді қабылдайды және үміткерлерді іріктеуді жүргізеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: