"Союз МС-26" кемесі ғарыштан аман-есен оралып, қазақ даласына қонды

Ғарыш кемесі, Союз МС-26, Жезқазған, Қазақстан, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.04.2025 09:39 Сурет: pixabay
20 сәуірде таңертең "Союз МС-26" ғарыш кемесі Қазақстан территориясына аман-есен қонды. Оның бортында ресейлік Алексей Овчинин мен Иван Вагнер, сондай-ақ америкалық астронавт Дональд Петтит болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ғарыш кемесі Халықаралық ғарыш стансасынан сағат 0:57-де ұшып шықты. Борт парашютпен қазақстандық далаға түсті. Ғарышкерлер станцияда алты айдан астам уақыт болды. Осы уақыт ішінде олар 40-тан астам сынақ жүргізіп,  ашық ғарыш кеңістігінде жүрді.

Борт қазақстандық уақыт бойынша сағат 06:20-да Жезқазған маңына қонды.

Сурет: "Роскосмос"

"Таңертең кеме ХҒС-тың "Таңғы шапақ" модулінен ажырап шықты. Оның орбитадан Жерге түсуі штаттық жағдайда өтті", - деді "Роскосмостағылар".

Бұған дейін Қытай компаниясы туристерді ғарышқа 200 мың долларға тасығалы жатқанын жазғанбыз

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: