Қытай ғалымдарын тәнті еткен Әдемі беделді ЖОО-дан шақырту алды

EdUHK, Әдемі, РФММ, 10-сынып оқушысы, Қытай, ЖОО, шақырту, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.07.2025 19:44 Сурет: apply.edUHK.hk
Қазақстандық оқушы Ғабитқызы Әдемі білім беру технологиялары мен жасанды интеллект саласындағы Азияның жетекші университеттерінің бірі – Гонконг білім беру университетінен (EdUHK) ресми шақырту алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Айта кетсек, Әдемі Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінде 10-сыныпта  (РФММ) оқиды. Гонконгқа сапары аясында ол университет басшылығымен және АИ саласындағы жетекші профессорлармен кездесті, соның ішінде:

  • Dr. Gary Cheng – Executive Co-Director LTTC, Associate Professor,
  • Dr. Henry So – Associate Director LTTC, Senior Lecturer.
"Оның біліміне, ойлау логикасына және жоғары санасына тәнті болған университет өкілдері Әдемінің дайындық деңгейіне, сондай-ақ Қазақстандағы білімнің жоғары сапасына таңданыс білдірді.  Әдемінің арқасында Гонконгта қазақстандық оқушылардың таланты мен РФММ-дегі зияткерлік дамудың бірегей атмосферасы жайлы кеңінен сөз қозғалды. Әдеміні құттықтап, оның біліміне әрі дамуына ат салысқан мұғалімдер мен тәлімгерлерге алғысымызды білдіреміз!", - деп атап өтті алматылық оқу орнындағылар.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: