Күн тұтылуы – ғарыштан түсірілген бірегей кадрлар

Күн тұтылуы – ғарыштан түсірілген бірегей кадрлар, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.09.2025 15:16 Сурет: X/DesolateApostle
2025 жылдың 21-нен 22-қыркүйекке қараған түні сирек кездесетін құбылыс – Күннің тұтылуы орын алды. Қазақстанда бұл оқиға көрінбеді. Бірақ ғалымдар бұл ғарыштық көріністі бақылап, бейнетаспаға түсірді – тіпті ғарыштан да кадрлар бар, деп хабарлайды Zakon.kz.

РФ Ғылым академиясы Ғарыштық зерттеулер институтының Күн астрономиясы зертханасының Telegram-арнасы 22 қыркүйекте ғарыштық күн обсерваториясы SDO түсірген кадрларды жариялады.

"Атмосфералық бұрмаланулар мен шашыраңқы жарықтың болмауы салдарынан Ай ғарыштан мінсіз қара дөңгелек ретінде көрінеді – соншалықты тегіс, тіпті бұл нақты физикалық дене екеніне сену қиын. Суреттерде Айдың көрінетін диаметрі Күннің көлемінен қаншалықты кіші екені жақсы байқалады", – деді зертхана өкілдері.

Сондай-ақ олар Ай қазіргі кезде ең алыста орналасқандықтан, жаңару фазасында болса, жарты айналымнан кейін, яғни толған кезде, ол Жерге барынша жақындайтынын атап өтті.

"Жерде Айдың толу маусымы басталуда – бұл кезде толған Ай аспанда жыл ішіндегі ең үлкен өлшемге ие болады. Алғашқы ай толуы екі аптадан кейін, 7 қазанда болады", – деп ескертті ғалымдар.

Space басылымының жазуынша, бұл күн тұтылуы жартылай ғана болды: Ай Күн дискісінің үстімен өтіп, Тынық мұхитының кейбір бөліктерінде аспанды тұмшалады.

Бұл құбылысты Жаңа Зеландияда, Антарктикада және Тынық мұхитының оңтүстік бөлігінің кейбір аймақтарында бақылауға мүмкіндік болды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: