Жерде қуаты күшті геомагниттік дауыл жүріп жатыр: болжамдар көңіл көншітпейді

Жерде қуаты күшті геомагниттік дауыл жүріп жатыр: болжамдар көңіл көншітпейді, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.10.2025 14:14 Сурет: Telegram/ne_myau_a_bzz
2025 жылғы 30 қыркүйекке қараған түні басталған магниттік дауыл әлі де жалғасып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ресей Ғылым академиясының Ғарыштық зерттеулер институты жанындағы Күн астрономиясы зертханасының мәліметінше, бұл құбылыстың үздіксіз ұзақтығы 30 сағаттан асып кеткен.

"Қазіргі уақытта Жерді қоршаған ғарыштық кеңістіктегі жағдай магнитосфераның тұрақтануына қолайсыз әсер етіп отыр. Соңғы тәулікте ғаламаралық орта параметрлері нашар жаққа өзгерді. Жер маңындағы күн желінің жылдамдығы шамамен 400 км/с-тан 700 км/с-қа дейін артты. Плазма температурасы 100 мың градустан 300 мың градусқа дейін үш есе өсті. Біршама қолдау көрсетіп тұрғаны – ғаламаралық магнит өрісінің орташа кернеулігі. Оның шарықтау сәттері кеше магнит өрісі тербелісінің шарықтау сәттерімен тұспа-тұс келді. Қазір бұл өрістің кернеулігі екі есе азайды, бұл дауылдың орташа деңгейде – G1-G2 – сақталуына мүмкіндік беріп отыр", – дейді ғалымдар.

Олардың айтуынша, алдағы тәулікке арналған болжам да оңай емес.

"Жақын сағаттарда дауылдың "сары" деңгейге дейін әлсіреуі мүмкін болғанымен, Күн мен Жер маңындағы кеңістіктегі жағдай қалыпқа келуге әлі де қолайсыз. Тіпті соңғы бірнеше күн ішіндегі алғашқы рет болжам бойынша Күнде ең жоғары X класты жарқылдың пайда болу ықтималдығы 50%-дан асты", – деп қорытындылады зертхана мамандары.

Бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қиын кезеңдерді өткеріп жатқанын жазған болатынбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: