Сақ болыңыздар! Жер бетінде ең қуатты магниттік дауыл жүріп жатыр

Магниттік дауыл, Күн, Жер, ең қуатты, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.11.2025 20:29 Сурет: pixabay
12 қарашаға қараған түні басталған ең қуатты магниттік дауылдың Жерге әсері шамамен 36 сағатқа созылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ТАСС агенттігіне РҒА Ғарыштық зерттеулер институтының күн астрономиясы және гелиофизикалық аспап жасау зертханасының меңгерушісі Сергей Богачев айтқан.

"Магниттік дауыл кеше Мәскеу уақытымен таңғы сағат үш шамасында басталып, G4.7 деңгейіне жетті. Бұл биылғы жылдың ең жоғары көрсеткіші және шамамен 36 сағатқа созылды. Біздіңше, бүгінгі күннің соңына қарай ол бәсеңси бастауы керек деп күтіледі", - дейді ғалым.

Оның айтуынша, Жердің магнит өрісінің бұзылу дәрежесі бес балдық шкала бойынша анықталады: әлсіз G1 деңгейінен экстремалды күшті G5 деңгейіне дейін. Бұл деңгейдегі магниттік дауылдар спутниктік байланыста, навигациялық жүйелерде және электр желілерінде ақаудың пайда болуына, сондай-ақ метеорологиялық сезімтал адамдардың әл-ауқатына әсер етуі мүмкін.

Бұған дейін Жерге қуаты күшті магниттік дауылдар жақындап келе жатқаны хабарланған

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: