Ғалымдар орбитада ұшып жүрген қоқыстардың көптігіне алаңдаулы

Ғарыштағы қоқыстар, орбита , сурет - Zakon.kz жаңалық 07.10.2025 13:40 Сурет: freepik
Австралияның Сидней қаласында өткен Халықаралық астронавтика конгресінде Жердің төмен орбитасындағы ең қауіпті 50 ғарыш қоқысы тізімі ұсынылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

LeoLabs компаниясының аға ғылыми қызметкері МакНайт бұл тізімді әріптестерімен бірге жасаған. Ол Ars Technica басылымына берген сұхбатында талдау барысында нысанның массасы, орбита биіктігі мен айналасындағы қозғалыс тығыздығы сияқты көрсеткіштер ескерілгенін айтты.

Объект неғұрлым ірі және орбитадағы биіктігі жоғары болса, соғұрлым үлкен қауіп төндіреді, өйткені ол соқтығысқан жағдайда туындаған қоқыс бөлшектері орбитада жүздеген жылдарға дейін қалуы мүмкін.

Қазіргі таңда негізгі қауіп өткен дәуірлерден қалған ғарыш нысандарынан туындап отыр – бұл негізінен ширек ғасырдан астам бұрын ұшырылған, бүгінде орбитада қалған ескі зымыран сатылары.

Сурет: Astroscale

Антирейтингтің көшбасында – Ресей мен КСРО: тізімдегі 50 нысанның 34-і осы елдерге тиесілі. Одан кейін Қытай (10), АҚШ (3), Еуропа (2) және Жапония (1) тұр. Ең басты "қоқыстар" – "Зенит" және "Космос-3М" зымырандары, олардың үлесіне 30 нысан тиесілі.

Ең қауіпті 10 нысан:

  • Ресейлік "Зенит-2" зымыраны (2004 ж.)
  • Еуропалық Envisat спутнигі (2002 ж.)
  • Жапондық H-2A зымыраны (1996 ж.)
  • Қытайлық CZ-2C зымыраны (2013 ж.)
  • Кеңестік "Космос-3М" зымыраны (1985 ж.)
  • Кеңестік "Зенит-2" зымыраны (1988 ж.)
  • Ресейлік "Космос-2237" спутнигі (1993 ж.)
  • Ресейлік "Космос-2334" спутнигі (1996 ж.)
  • Кеңестік "Зенит-2" зымыраны (1988 ж.)
  • Қытайлық CZ-2D зымыраны (2019 ж.)

Бұл тізім — 2020 жылы жүргізілген зерттеудің жаңартылған нұсқасы.

Бұған дейін археологтардың Сауд Арабиядағы шөл далада сенсациялық жаңалық ашқанын жазған болатынбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: