Бразилияда ежелгі қолтырауын табылды

Бразилияда ежелгі қолтырауын табылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.11.2025 11:09 Сурет: pexels
Бразилияның оңтүстігінен динозаврлар пайда болмай тұрып өмір сүрген жыртқыш рептилияның жаңа түрі табылды. Ғалымдар оны Tainrakuasuchus bellator деп атап отыр. Ол шамамен 240 миллион жыл бұрын өмір сүрген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Interesting Engineering дерегінше, бұл қолтырауын қазіргі қолтырауындар мен аллигаторлардың ежелгі туыстары болып саналатын Pseudosuchia тобына жататын жыртқыш болған.

"Бұл жаңалық триас кезеңінде өмір сүрген өте қуатты жыртқыштың болғанын дәлелдейді. Санта-Мария федералды университетінің зерттеушілері Tainrakuasuchus bellator ұзындығы шамамен 2,4 метр, салмағы 60 килограмм болғанын айтады", – делінген мақаласында.

Сурет: Tainrakuasuchus bellator

Ғалымдардың болжауынша, ол ұзын мойнын және шапшаң қимылын пайдаланып жемтігін ұстап, кейін оны өткір тістерімен қысып ұстаған.

"Бұл жануар белсенді жыртқыш болған, алайда салыстырмалы түрде үлкен болғанымен, өз дәуіріндегі ең ірі аңшы саналған жоқ. Себебі сол экожүйеде ұзындығы жеті метрге дейін жететін алып жыртқыштар да өмір сүрген". Зерттеудің жетекші авторы, доктор Родриго Темп Мюллер

Зерттеушілер Tainrakuasuchus bellator сыртқы бейнесі бойынша көпшілікке динозаврға ұқсас көрінуі мүмкін екенін, бірақ оның қаңқалық құрылымы динозаврлардан айқын ерекшеленетінін атап өтті.

Сурет: Tainrakuasuchus bellator

"Ол сыртқы келбеті бойынша динозаврды еске салғанымен, бұл түр динозаврлар тобына жатпайды. Оны динозаврлардан ажыратудың ең маңызды белгілерінің бірі – жамбас құрылымы. Оның жамбас және сан сүйектерінің буындары динозаврлардікінен мүлде бөлек", – дейді ғалым.

Жануардың аяқ сүйектері сақталмағанына қарамастан, зерттеушілероның төрт аяқпен жүргенін айтады.

Бұған дейін археологтардың "ақырзамандық шайқас" болған жерді зерттеп көргенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: