АҚШ елшілігі отандық педагог қауымына арналған тамаша жаңалықпен бөлісті
Сурет: ҚР Оқу-ағартау министррлігінің баспасөз қызметі
Қазақстандағы АҚШ миссиясы бүгін, 2026 жылы 12 қаңтарда еліміздегі мұғалімдерден Fulbright TEA 2026-2027 бағдарламасы бойынша құжат қабылдау басталғанын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Аталған бағдарлама туралы мына жайттар белгілі:
- қатысу толығымен тегін;
- құжат 2026 жылдың 3 ақпанына дейін қабылданады;
- үміткерлер ағылшын тілін жетік меңгеруі тиіс;
- құжат қарастыру кезінде орта мектепте кем дегенде бес жылдық жұмыс тәжірибесі бар мұғалімдерге басымдық беріледі.
2026 – 2027 Fulbright Teaching Excellence and Achievement (TEA) бағдарламасы – бұл халықаралық орта мектеп мұғалімдеріне арналған алты апта ішінде Америка Құрама Штаттарына барып, кәсіби даму үшін қабылдаушы университеттерде академиялық семинарларға қатысып, оқытушылар мен студенттермен және жергілікті орта мектеп мұғалімдерімен тәжірибе алмасу мүмкіндігі.
Бағдарлама туралы толық ақпаратты мына сілтемеге өту арқылы оқып-біле аласыздар.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript