Қазақ дәрігері көзді емдеудің тың тәсілін ойлап тапты

Көз, ауру, қазақ, дәрігер, емдеу, жаңа тәсіл, өнертапқыш, Мұхит Құлмағанбетов , сурет - Zakon.kz жаңалық 28.08.2026 22:41 Сурет: magnific.com
Қазақстандық дәрігер көз емдеудің тың тәсілін ойлап тапты. Ол кванттық физиканың мүмкіндіктерін қолданып соқырлықты ерте кезеңде анықтайтын құрылғы жасап шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның бұл жаңалығы әлем ғалымдарының назарын аударып отыр. Қазір Мұхит Құлмағанбетов жобасын Гонконгта жетілдіру үстінде, деп хабарлайды 24kz.

Макулярлы дегенерация - дүниежүзінде 300 миллионнан астам адамда кездесетін дерт. Мұхит оны анықтаудың әдісін ойлап тауып айды аспаннан бір-ақ шығарды. Бүгінде әлемнің үздік ғалымдарымен бірлесіп жұмыс істеп әбден жетілдірді. Қазір Гонконг пен Канада клиникаларында сынақтан өткізіліп жатыр. Қазақ баласының кванттық технологиясы алғашқы жемісін бере бастады. Жаңа құрылғымен тәжірибе ретінде 200 адамның көз жанары тексерілді.

"Бұл аурудың ерте диагностикасы Қазақстанда жоқ. Қазақстан түгілі басқа елдерде де жоқ. Егер осыны алып барсақ, біздің елде бүкіл мемлекеттік деңгейде жаппай скрининг жасауға болады. Белгілі бір ауыратын науқастардың алдын ала диагностика жасауға болады". Мұхит Құлмағанбетов, ғалым-дәрігер /офтальмолог/

Ғалым-дәрігер бірнеше жыл бойы Гонконгте бір жобаның соңында жүрмепті. Жеке зерттеу жасап кванттық физиканың тағы бір мүмкіндігін ашты. Ол миопия дертін анықтап түбегейлі емдеудің амалын тапқан. Қазір алыстан көрмеушілікті тоқтататын құрылғыны өзі құрастырып жатыр. Бірақ әзірге патентелмепті.

"Кванттық оптиканы пайдалана отырып осы жақында жаңа идея туды. Сол жүйені құрастырып жануарларға эксперимент жасап көрдім. Қорытындысы өте жақсы шықты. Технологиялық детальдарымен бөлісе алмаймын. Оның жүйесін жартылай құрастырып қойдық. Сіздің артыңызда жатыр. Әрі қарай оның сыртқы келбетін және бірінші эксперименттерімізді бастасақ, клиникалық ол да қол жетімді болуы мүмкін. Оның бір жақсы жері тек қана диагностика емес, ол емге арналған".Мұхит Құлмағанбетов, ғалым-дәрігер /офтальмолог/

Оның жаңалығы дүниежүзіне таралып қазір АҚШ, Еуропа, Қытай, Канада, Жапония елдерінен түрлі ұсыныстар түсуде. Бірақ ғалым Құлмағанбетовтың өз жоспары бар. Жуырда Астанадан офтальмологиялық орталық ашып, клиникалық бағытпен қатар ғылыми инновациялық жобаларды да жүзеге асыруды көздеп отыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: