Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстандық ғалым "ыдырайтын имплант" ойлап тапты

Диас Тастанбеков, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.09.2021 19:13 Диас Тастанбеков
Бұл жаңалық емес. Кей елдерде хирургтар бұл әдісті бұрыннан қолданады.

Алматыда "Тәуелсіз Қазақстанның интеллектуалдық әлеуеті: қалыптасуы мен дамуына 30 жыл" I Халықаралық жас ғалымдар форумы өтті. 34 жастағы Диас Тастанбеков форумға қатысып, өзінің "Биоыдырайтын имплант" жобасын ұсынды және zakon.kz тілшісіне сол жайлы айтып берді.

Диас Тастанбеков әл-Фараби атындағы ҚазҰУ химия факультетін бітіріп, "Болашақ" бағдарламасы бойынша Ұлыбританияның Шеффилд университетінің магистратурасына оқуға түскен. Содан кейін АҚШ пен Франция елдерінде тағылымдамадан өткен.

– Қазақстанға оралған соң мен Назарбаев Университетінің ғылыми орталығында экологиялық таза полимерлерді, медицинада қолданылатын биологиялық ыдырайтын полимерлерді және күн батареялары үшін жартылай өткізгіштерді жасауды қолға алдым. Кейін ҚБТУ-де "Баламалы полимерлі материалдар" атты жеке зертхананы басқардым. Менің барлық ғылыми жұмыстарым қоршаған ортаны сақтауға және дамытуға бағытталған, – дейді Диас Тастанбеков.

Диастың жас ғалымдар форумында ұсынған "осиосинтезге арналған биологиялық ыдырайтын имплант" жобасын енді травматология мен ортопедияда қолдану жоспарлануда. Иммерсиялық (ішкі) остеосинтез – емделушінің денесінің ішіндегі сүйек сынықтарын әр түрлі имплантаттар көмегімен емдеу әдісі. Имплантаттар деп түйреуіштер, пластиналар, бұрандалар, сымдар секілді нәрселерді айтуға болады. Травматикалық хирургтар әдетте сынықтарды емдеу үшін титан имплантаттарын қолданады. Оларды емделіп болған соң, алып тастау керек.

Ғалым сүйектердің бірігуіне арналған конструкция ойлап тапты. Мұндағы бір артықшылық, біраз уақыт өткен соң, имплант денеде еріп кетеді. Сол себепті, емделушілер емделу курсынан кейін импланттарды алып тастау үшін клиникаға қайта келіп әуре болмайды.

– Биологиялық ыдырайтын имплант бұрын біз қолданып жүрген импланттарға ұқсас. Адам ағзасында өздігінен еритін қасиеті болғандықтан, операцияларды қайта жасауға тура келмейді. Мұндай ағзада еритін қасиеті бар импланттар балалар мен қарт науқастарды емдеуде өте тиімді. Бұл идеяны маған досым, тұқым қуалайтын аурулар хирургы Аманжол Балғазаров ұсынды. Ол үнемі қайталанатын операциялар жасайды екен, – деп түсіндірді химик.

Диастың айтуынша, биологиялық ыдырайтын импланттарды жасау үшін қолданылатын материалдар қауіпсіз және гипоаллергенді. Имплант адам денесінде болса да, МРТ жасау мүмкіндігі бар. Осыған дейін қойылып жүрген металл импланттармен МРТ жасау мүмкін емес еді.

Имплантация 3D басып шығаруды қолдану және материалды арнайы қалыптарға құю арқылы екі жолмен жасалады. Имплантация – стерилденген полилактикалық қышқылдан (PLA) жасалады.

– Бұл жаңалық емес. Кей елдерде хирургтер бұл әдісті бұрыннан қолданады. Бірақ Қазақстанда бұл имплантаттарды қолдану алғаш рет қолға алынды. Бізде өндіріс пен техникаға патент бар, – деп бөлісті жас ғалымдар форумының қатысушысы.

Жайна Тәттімбетова

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: