Жаңалықтар тізбегі
0

Halyk Bank Түркістан облысындағы қызметін нығайтуда

Халық банк Ашылу Түркістан , сурет - Zakon.kz жаңалық 22.12.2021 12:27 Сурет: halykbank
Бүгін Түркістан облысындағы Halyk Bank облыстық филиалының жаңа заманауи ғимараты ресми түрде ашылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жаңа ғимараттың ашылу слтанатына шаһар әкімі Өмірзақ Шөкеев мен Банк Басқармасының төрайымы Үміт Шаяхметова, бөлшек бизнес бойынша Басқарма төрағасының орынбасарлары Жұмабек Мамұтов пен ШОБ бойынша Дәурен Сартаев арнайы келді.

Енді Түркістанда тұратын ірі бизнес өкілдеріне, жеке кәсіпкерлер мен жеке тұлғаларға Шымкентке барудың қажеті жоқ – олар барлық банктік қызметті қала орталығында орналасқан заманауи кең кеңседен ала алады.

Халық банк Түркістан , сурет - Zakon.kz жаңалық 22.12.2021 12:27

Сурет: Halyk Bank

Қазақстан Президентінің Жарлығымен Оңтүстік Қазақстан облысының атауы Түркістан деп, ал оның әкімшілік орталығы Шымкенттен Түркістанға көшірілген соң, Halyk Bank-тің аймақтағы алғашқы облыстық филиалын 2019 жылғы мамырда ашылған еді.

Бүгінде, облыс, халқының саны бойынша елімізде 2–ші орында тұр. Мұнда 2 046 700 адам тұрады. Облыстың әкімшілік-аумақтық құрылымына 14 аудан мен облысқа қарасты 3 қала кіреді. 2021 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны шамамен 140 мыңға тең болса, 2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ШОБ секторында жұмыспен қамтылғандар саны 217 мыңнан астам адамды құрады.

Халық банк Түркістан , сурет - Zakon.kz жаңалық 22.12.2021 12:27

Сурет: Halyk Bank

Түркістан филиалы 2,5 жылдың ішінде барлық негізгі көрсеткіштер бойынша қарқынды өсім көрсетті. 2021 жылдың соңындағы жағдай бойынша өңірде банктің облыстың барлық аудандарында ұсынылған 30 сату арнасы жұмыс істейді; банкоматтар саны 254-ке жетті, ал карталарды белсенді ұстаушылар саны 430 мыңнан артық адамды құрады. Бұл Түркістан облысы бойынша барлық қолданыстағы карталардың жалпы санының 53%-ына тең. Жеке тұлғаларға кредит беру бойынша филиалдың портфелі 132 млрд теңгеге жетіп, облыстың барлық кредиттік портфелінің 65%-дан астам көрсеткішін көрсетті. Депозиттік портфель 43 млрд теңгені құрады және бұл өңірдің депозиттік портфелінің жартысына тең. Түркістан облысы бойынша Halyk Homebank мобильді қосымшасын белсенді қолданушылар саны 2020 жылғы 1 қаңтар мен 2021 жылғы 1 желтоқсан аралығында 17,5 есеге артты.

Банк жүйесі нарықтық экономиканың ажырамас бөлігі. Оның рөлі салымдар мен инвестицияларды басқарумен, несиелік және басқа қаржылық операциялармен тығыз байланысты. Сонымен қатар, ол шағын және орта бизнестің дамуына үлкен үлес қосуда. Мысал ретінде мынадай фактіні келтірейін: Halyk Bank облыс кәсіпкерлерін қолдауға 130 млрд теңгеден астам қаражат бағыттады. Бүгін Түркістанда банктің облыстық филиалының жаңа заманауи ғимараты салтанатты түрде ашылуда. Жаңа ғимарат - ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына тарту деп санаймын. Бүгінгі таңда банктің 30-дан астам бөлімшесі біздің өңірдегі әрбір тұтынушыға сапалы және лайықты қызмет көрсетеді.Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев

Түркістан Банк , сурет - Zakon.kz жаңалық 22.12.2021 12:27

Сурет: Halyk Bank

2021 жылы Банктің Түркістан филиалы шағын және орта бизнесті қолдау аясында, «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 9,075 млрд теңге сомасына 435 субсидияланған қарыз берді; «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша 2021 жылы облыс бойынша 6,1 млрд теңге сомасына 6 жоба қаржыландырылды; цифрлық кредиттеу бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 1,6 млрд теңгеге 430-дан астам кредит берілді. 2021 жылы ШОБ бойынша филиалдың кредиттік портфелінің жалпы өсімі 68%-ды құрады.

Halyk Bank республиканың жетекші банкі ретінде Түркістан облысын экономикалық қуатты және заманауи өңірлік орталыққа айналдыру жөніндегі мемлекеттің бастамасын толық қолдайды. Облыстық филиалдың жаңа ғимаратының ашылуымен біз өзіміздің онлайн-сервистерімізді, сондай-ақ қызмет көрсетудің арналарын дамытуға инвестициялай отырып, клиенттеріміз бен қызметкерлеріміз үшін ең жақсы жағдай жасауға дайын екенімізді көрсетеміз. Halyk Bank Басқарма Төрайымы Үміт Шаяхметова

Түркістан Банк , сурет - Zakon.kz жаңалық 22.12.2021 12:27

Сурет: Halyk Bank

Банктің Түркістан облыстық филиалы бірқатар негізгі көрсеткіштер бойынша сөзсіз көшбасшы бола отырып, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін де, халық үшін де банк қызметтерінің барлық түрін ұсынады. Банк аймақ тұрғындарымен өзара тиімді іскерлік ынтымақтастық құрудан бөлек әлеуметтік жауапты құрылым болғандықтан мүмкіндігінше Түркістан облысының өзекті мәселелерін шешуге атсалысып келеді. Осылайша, 2019 жылғы жазда банк «Halyk» Қайырымдылық Қоры» ЖҚ-мен бірлесіп, жарылыстан зардап шеккен Арыс қаласының әлеуметтік нысандарын қалпына келтіру үшін клиенттер, қызметкерлер және бизнес-серіктестермен бірігіп жинақталған 1,1 млрд теңге көлемінде қайырымдылық соманы аударды. Сондай-ақ, банк клиенттерді қолдау мақсатында Арыс бөлімшесінде берілген қарыздар бойынша 1 млрд теңгеден астам сомаға сыйақы есептеуді тоқтатты және өзінің қарыз алушыларына қарыздар бойынша негізгі борышты өтеу мерзімін жарты жылға кейінге қалдырды.

Біздің банк Түркістан облысының барлық аудандарында қызмет атқарғандықтан, оларды қолдағымыз келеді, сол себепті біздің мерекелік іс-шара – филиалдың жаңа ғимаратының ашылуы аясында Жетісай тұрғындарына балалар алаңын сыйға тарту туралы шешім қабылданды. Halyk Bank Басқарма Төрайымы Үміт Шаяхметова

Қазақстан Халық Банкі АҚ (Halyk Bank) – бөлшек сауда, ШОБ және корпоративтік банктік қызметтер, сақтандыру, лизинг, брокерлік қызметтер және активтерді басқаруды қоса алғанда, түрлі сегменттерде жұмыс істейтін Қазақстандағы жетекші қаржы тобы. Банктің Қазақстан қор биржасында 1998 жылдан бастап, Лондон қор биржасында 2006 жылдан бастап және Astana International Exchange-те 2019 жылғы қазаннан бастап листингі бар. 2021 жылғы 30 қыркүйектегі жағдай бойынша 11 284, 5 млрд теңге мөлшеріндегі активтері бола отырып, Банк Қазақстандағы жетекші кредиттік ұйым. Банктің ең ірі клиенттер базасы мен филиалдық желісі – ел бойынша 591 филиалы мен бөлімшесі бар. Банктің Грузия, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстанда филиалы бар.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: