Ұлттық банк төрағасы цифрлық теңге және ұлттық төлем жүйесі туралы айтты
Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің төрағасы Ғалымжан Пірматов Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен үкіметтің кеңейтілген отырысында цифрлық теңге платформасының прототипін әзірлеу аяқталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі
Ұлттық банк төрағасы 2021 жылы цифрлық теңге енгізу жөнінде пилоттық жоба қолға алынғанын еске салып өтті.
2021 жылы Ұлттық банк цифрлық теңгені енгізу жөніндегі пилоттық жобаға бастамашылық жасады. Қазіргі уақытта платформаның прототипін әзірлеу аяқталды, 2021 жылғы желтоқсанда пилоттық жобаның нәтижелері бойынша қорытынды баяндама жарияланды.ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Ғалымжан Пірматов
Ол сондай-ақ биылғы жылы пайда мен шығасыларды бағалай отырып, цифрлық теңгені енгізу моделі бойынша қорытынды шешім әзірленетінін айтты.
Ғалымжан Пірматов оған қоса, 2021 жылғы қарашада ұлттық төлем жүйесінің компоненттері – карточкалық транзакцияларды өңдеу үшін төлем карточкаларының банкаралық жүйесін және мобильді онлайн төлемдерге қызмет көрсету үшін лездік төлемдер жүйесін пилоттық режимде іске қосқанын еске салып өтті.
Ұлттық төлем жүйесінің жұмыс істеуіне қажетті нормативтік-құқықтық база әзірленді, оны толық көлемде іске қосу осы жылғы 1 шілдеде күтілуде.ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Ғалымжан Пірматов
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript