Қарағандыдағы қаржы пирамидасы халықтың 70 миллион ақшасын жымқырған
Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің Қарағанды облысындағы аумақтық департаменті Қарағанды және Теміртау қалаларында қаржы пирамидасын құру және пайдалану фактісін тоқтатты, деп хабарлайды Zakon.kz
Мұндай қылмыстық схема азаматтарға депозит сомасының 10%-ын беруді уәде етіп, бір айдан бір жылға дейінгі мерзімге 200 мың теңгеден 25 миллион теңгеге дейін инвестиция алып отырған.Қаржылық мониторинг агенттігі
Қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар Instagram әлеуметтік желісі арқылы басқа инвесторлардың кірісін көрсету арқылы жеке тұлғалардан 70 миллион теңгеден астам қаражат тартқаны анықталды.
Қаржы пирамидасын ұйымдастырушыға екі айға дейінгі мерзімге қамау шарасы тағайындалды.Қаржылық мониторинг агенттігі
Жедел-іздестіру шарасы жалғасып жатыр.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript