Ақпан айында іскерлік белсенділік индексі өскен
2022 жылғы ақпанда сауалнамаға 465 кәсіпорын қатысты. Оның ішінде:
құрылыста – 71,
өнеркәсіпте – 177,
қызмет көрсетуде – 217.
Алынған бағалаудың нәтижесі бойынша, іскерлік белсенділік индексі ақпан айында жоғарылап, 50,6 болды. Индекстің жоғарылауы – қызмет көрсету секторындағы көрсеткіштің 50,6-ға дейін көтерілуімен байланысты. Өнеркәсіп пен құрылыста индекстердің мәні айтарлықтай өзгермеді. Сәйкесінше 51,4 және 46,0 болды.Денис Чернявский
Аймақтар бойынша
Ақпанда 8 өңірде іскерлік белсенділік жақсарып, 9 өңірде нашарлағаны байқалды. Іскерлік белсенділіктің неғұрлым жоғары деңгейі Түркістан облысы (56,2) мен Шымкент қаласында (53,7), төмен деңгейі Жамбыл облысы (44,7) мен Алматы қаласында (45,7) тіркелді.
2022 жылдың ақпан айында кәсіпорындар бүгінгі бизнес-жағдайды оң қабылдай қоймады. Алайда бағалау өткен айға қарағанда жақсырақ болды: оң және кері бағалардың айырмасы бойынша жауаптар теңгерімі қаңтардағы (-)2,3 тен (-)1,4 дейін көтерілді.
Кәсіпорындардың дерегі бойынша, қаржы/несиенің қол жетімділігінен басқа факторлардың бағасы жақсарды. Аталған фактор 2021 жылғы қаңтардан бері алғаш рет теріс мәнге ие болды (-0,5). Қалған факторлардың (салық ауыртпалығы, сұраныс деңгейі, бизнесті қорғау мәселелері) бағалауы жақсарғанымен, әлі де теріс мәнге ие болып отыр (сәйкесінше, (-)5,5, (-)4,0 және (-)1,1). Оң мәнге ие болғаны – тек инфрақұрылым (0,7).
Алдағы 6 айға арналған бизнес-жағдайға қатысты оптимизм жоғарылады. Болашақ жағдайды бағалау 21,5 болды. Сонымен қатар қазіргі бизнес жағдайдың бағасы жақсарып, (-)1,4 болды. Нәтижесінде экономикада бизнес ахуал индексі 11,4-ке дейін айтралықтай жоғарылады.