Ұлттық банк валюта бойынша алыпсатарлықты шектеу шараларын ұсынды
ҚР Ұлттық банкі ақшаны айырбастау пунктерінде шетел валютасын сатып алу бағасы сату бағасынан ауытқу шегін белгілейтін жоба әзірледі.
Құжатта бұл шараны қолданылу мерзімі 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін деп көрсетілген әрі ұсынылып отырған өзгерістер, ең алдымен, валюта нарығындағы алыпсатарлық әрекеттерді азайтуға, сонымен қатар валюта бағамы төңірегіндегі құбылмалылықтың күшеюіне байланысты қаржы нарығына қатысушылардың тәуекелдерін сейілтуге бағытталғаны да айтылады.
Жобада айырбастау пунктері арқылы жүзеге асырылатын операциялар бойынша қолма-қол шетел валютасын сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектерін АҚШ доллары үшін – 6 теңгеден 15 теңгеге, еуро үшін – 7 теңгеден 20 теңгеге дейін арттыруды ұсынылады.