Жаңалықтар тізбегі
0

Ұлттық банк теңгедегі депозиттердің қалай қорғалатынын айтты

Ұлттық банк, теңгелік депозит, теңге, депозит, салым, жинақ, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.04.2022 15:03 Сурет: Zakon.kz
Ұлттық банк қазақстандық салымшылардың Теңгелік салымдарды қорғау бағдарламасына қатысты сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бағдарлама туралы үкімет пен Ұлттық банктің 2022 жылғы 24 ақпандағы Бірлескен мәлімдемесінде айтылған болатын, мұнда жинақты теңгемен сақтайтын салымшылар үшін салым сомасының 10%-ы көлемінде мемлекеттен өтемақы немесе сыйақы төлеу қарастырылған.

Банк өкілдерінің айтуынша, Бағдарламаның қолдану бойынша барлық мәселені реттейтін нормативтік-құқықтық акт жобасы әзірленіп қойды. Енді келісім алып, әрі қарай бекіту үшін үкіметке жолданды.

Жақын арада құжат бекітіліп, жарияланады. Осы құжат жобасының негізінде ҚҰБ сайтында салымшылардың Бағдарламаға қатысатын депозиттерді мерзімінен бұрын шешіп алу, толықтыру, жабу, өтемақы сомасын есептеу, салымдар мерзімін ұзарту туралы сұрақтарына алдын ала жауаптар топтастырылды.ҚР Ұлттық банкі

Бағдарлама анағұрлым кең таралған келесі теңгелік салымдарға қолданылады:

  • жинақ депозиттері,

  • Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының жіктемесіндегі мерзімді, сондай-ақ мерзімсіз салымдар;

  • «Отбасы» банктегі салымдар,

  • мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі аясындағы салымдар.

    Бағдарлама ағымдағы және карталық шоттарға, сондай-ақ, талап етілгенге дейінгі және шартты депозиттерге қолданылмайды.

    Депозиттің банкте 2022 жылдың 23 ақпанынан 2023 жылдың 24 ақпанына дейін, яғни бағдарлама жарияланған уақыттан бастап 12 айдан кем емес уақытта сақталуы – өтемақы төлеудің міндетті талабы.

    Банктің алдын ала дерегі бойынша, Бағдарлама қолданылатын шоттардың 93%-ы 3 млн теңгеден аспайтын салымдар, оның ішінде 84%-ы – 1 млн теңгеге дейінгі салымдар.

    Осылайша, Бағдарлама теңгелік депозиттердің тартымдылығына қолдау көрсетуде салымшылардың қомақты бөлігін қамтиды.

    Банк өкілдерінің болжауы бойынша, салымшыларға өтемақы төлеу жағынан шығын көлемі шамамен 550 млрд теңге болмақ. Өтемақыға жұмсалатын шығын бюджет есебінен шығарылады әрі ол банктердің қаржылық тұрақтылығына қауіп төндірмейді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: