Қазақстан алаяқтық және қаржы пирамидасы үшін жауапкершілікті күшейтуді жоспарлап отыр
Атап айтқанда, заң жобасы мына нәрселерге бағытталған:
алаяқтық, қаржылық пирамидалар құру, монополиялық қызмет, экономикалық контрабанда, кедендік төлемдерді төлеуден жалтару, заңсыз өту және Мемлекеттік шекараны қорғау ережелерін бұзу, заңсыз көші-қонды ұйымдастыру үшін қылмыстық жауапкершілікті күшейту;
қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде, тергеу изоляторларында, уақытша ұстау изоляторларында ұсталатын адамдардың ұялы байланысты заңсыз бергені және пайдаланғаны үшін қылмыстық жауапкершілікті енгізу;
мұнай мен мұнай өнімдерін аз мөлшерде заңсыз тасымалдау мен айналымын қылмыссыздандыру;
жекелеген жаза түрлерін тағайындау және атқару қағидаларын жетілдіру (қылмыстық қамауға алу түсінігін оны өтеу шарттарын жеңілдете отырып түзету);
шартты түрде мерзімінен бұрын босату мәселелері бойынша тәуелсіз қоғамдық комиссиялар құру;
бірқатар өкілеттіктерді соттардан прокуратура органдарына бере отырып, жекелеген процестік және тергеу әрекеттерін санкциялау тәртібін жетілдіру;
қорғаушы тарапқа сотқа қорғау актісі түріндегі жиынтық іс жүргізу құжатын беру құқығын беру; тергеу әрекеттерін бейнежазбаға түсірудің процессуалдық маңызын кеңейту;
сотталғандармен ынтымақтастық туралы процессуалдық келісім институтын жетілдіру;
сотқа дейінгі тергеп-тексерудің нысандары мен рәсімдерін оңтайландыру, оның ішінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру органы қабылдайтын процессуалдық шешімдердің санын қысқарту.
Байқағанымыздай, бұл ретте Бюджет кодексіне, Қылмыстық кодекске, Қылмыстық іс жүргізу кодексіне, Қылмыстық атқару кодексіне, «ҚР банктер және банк қызметі туралы» заңдарға, сонымен қатар адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнайы мекемелерде, арнайы үй-жайларда ұстау жағдайлары», «ҚР жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» және тағы басқа заңдарға заңнамалық түзетулер енгізу қажет.
Заң жобасы 28 сәуірге дейін қоғамдық талқылау үшін Ашық НҚА веб-сайтында жарияланған.